Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений
- Атауы (қаз.)
- Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 18.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2020 133533_444584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006850
- ЭКБ идентификаторы
- 133533
- Редакция идентификаторы
- 133533_444584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:07
0 Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3 3) «Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4 4) «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5 5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» шілдедегі
№ 14 қаулысымен бекітілген
«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне арналған құқықты беру туралы шешімі (бұдан әрі - шешім) немесе «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18243 болып тіркелген) бекітілген «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту (бұдан әрі-дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің, оның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалардың (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 47-бабына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 47-бабында көрсетілген. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды. Рәсімнің (іс - қимылдың) нәтижесі: құжаттарды жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жолдау, кент немесе ауылдық округ әкімі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бір жұмыс күні ішінде);
4 4) уәкілетті орган немесе көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және шешім жобасын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (он екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: шешім жобасын немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
4 4) уәкілетті орган.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
31 «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
32 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» шілдедегі
№ 14 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Ескерту: кент және ауылдық округ әкімі осы мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне арналған құқықты беру туралы шешімі (бұдан әрі - шешім) немесе «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18243 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту (бұдан әрі-дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілінің, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды. Рәсімнің (іс - қимылдың) нәтижесі: құжаттарды жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жолдау, құжаттарды кент және ауылдық округ әкімі арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бір жұмыс күні ішінде);
4 4) уәкілетті орган немесе көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және шешім жобасын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (он екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: шешім жобасын немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
4 4) уәкілетті орган.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
53 «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
54 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» шілдедегі
№ 14 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жер учаскесін сатып алу-сату шарты (бұдан әрі - шарт) немесе «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18243 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту (бұдан әрі-дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілінің, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және шарт жобасын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (жеті жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: шарт жобасын немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
74 «Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
75 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» шілдедегі
№ 14 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жер учаскесін жалға алу шарты (бұдан әрі - шарт) немесе «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18243 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту (бұдан әрі-дәлелді бас тарту).
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілінің, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау (бір жұмыс күні ішінде);
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және шарт жобасын немесе дәлелді бас тартуды дайындайды (жетіс жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: шарт жобасын немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
95 «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
96 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» шілдедегі
№ 14 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы (бұдан әрі – хабарлама) немесе «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18243 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт)
10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту(бұдан әрі - дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілінің, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды. Рәсімнің (іс - қимылдың) нәтижесі: құжаттарды жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жолдау, кент немесе ауылдық округ әкімі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бір жұмыс күні ішінде);
4 4) уәкілетті орган немесе көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және жер комиссиясының қарауына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды жер комиссиясының қарауына ұсыну;
5 5) жер комиссиясы құжаттарды қарайды және тиісті қорытынды шығарады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: тиісті қорытындыны уәкілетті органға немесе көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау (бес жұмыс күні ішінде);
6
6) уәкілетті орган немесе көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жер комиссиясы қорытындысының негізінде көрсетілетін қызметті алушыны арнайы есепке қояды, хабарлама немесе дәлелді бас тарту жобасын дайындайды. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарлама немесе дәлелді бас тарту жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну (төрт жұмыс күні ішінде));
7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бір жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
4 4) уәкілетті орган.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
119 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
кестенің жалғасы