Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кызылорда

Қаулы · № 13832 · қабылданған 19.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133591/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кызылорда Қолданыста Қаулы ·№ 13832 ·19.07.2019
19.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кызылорда

Қолданыста Қаулы ·№ 13832 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кызылорда
Атауы (қаз.)
Қызылорда қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13832
Қабылданған күні
19.07.2019
Көрсетілген редакция
19.07.2019 133591_415160.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LA006852
ЭКБ идентификаторы
133591
Редакция идентификаторы
133591_415160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:06

0 Қызылорда қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы,
2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

2 2. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы

23 қаңтардағы №10232 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №6164 тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы
16 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысының Полиция департаменті Қызылорда қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгiнің
Қызылорда облысының
Полиция департаментi
Қызылорда қаласының
полиция басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiмен

6 Қызылорда қаласы әкімдігінің

2019 жылғы 19 шілдедегі
№13832 қаулысына қосымша
Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2

2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қызылорда қаласы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Қызылорда қаласының полиция басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция басқармасы) енгiзедi.

4 4. Комиссияның құрамына қалалық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, Полиция басқармасының өкiлдерi енгiзiледi.

5 5. Комиссия қабылдаған шешiм –көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

6 6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын Полиция басқармасы салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

7

7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген Полиция басқармасы облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы