О начальной военной подготовке
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О начальной военной подготовке
- Атауы (қаз.)
- Бастапқы әскери дайындық туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 28.09.1997
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2009 AI1336_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97P000022_
- ЭКБ идентификаторы
- 1336
- Редакция идентификаторы
- AI1336_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:57
0 Бастапқы әскери дайындық туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы қарашаның 1-дегi "Бастапқы әскери дайындық туралы" № 1340 Қаулысын орындау үшiн, жастарды әскери қызметке сапалы даярлау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1
1. 1997 - 1998 оқу жылынан бастап жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк- техникалық мектептерде және барлық үлгiдегi орта арнаулы оқу орындарында жастарды бастапқы әскери дайындық жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-10-11 сыныптарында, кәсiптiк-техникалық мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, олардың бағыныштылығына және меншiк түрлерiне қарамастан, кейiн жастарды қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiнде өтетiн дала жағдайында даярлау жаттықтыруларға қатыстырып, өткiзiлетiнi белгiленсiн.
Оқу орындарында әскери даярлықтан өтпеген әскерге шақырылатын жастағы жiгiттер жедел әскери қызметке шақыру алдында оқу пункттерiнде оқуға қатыстырылатын болсын.
2 2. Облыстың қалалары мен аудандардың әкiмдерi:
- қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiн және бастапқы әскери дайындық жөнiндегi оқу пункттерiн құрып, олардың жұмысын ұйымдастырсын, оларды жергiлiктi бюджеттер қаржысы есебiнен материалдық-техникалық, кадрлар және қаржы жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданатын болсын;
- атқарушы органдардың штаттарына әскерге шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жiгiттермен жұмыс жүргiзетiн маман-қорғанысспорт сауықтыру лагерiнiң бастығы лауазымын қызметкерлердiң штаттық құрамы шеңберiнде енгiзетiн болсын;
- ауданның /қаланың/ оқу орындарында бастапқы әскери дайындық жұмыстарының оқу-материалдық негiзiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолданатын болсын.
3 3. Облыстық бiлiм департаментi /Ахметова/, оқу орындарының басшылары, бағыныштылығына және меншiк түрлерiне қарамастан:
- оқушыларды бастапқы әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып, оған басшылық жасауды қамтамасыз ететiн болсын;
- бастапқы әскери дайындық жөнiндегi қажеттi оқу-материалдық қор құрсын;
- оқу орындарының штатына бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы- оқытушы лауазымын енгiзсiн;
- әскери комиссариаттармен бiрлесе отырып оқу орындарына бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушыларды iрiктеп таңдауды қамтамасыз етiп, оларды әдiстемелiк жағынан даярлау жұмысын ұйымдастырсын;
- бастапқы әскери дайындықтан өтетiн жiгiттермен дала жағдайында жаттықтыру сабақтарын /жиналуларын/ ұйымдастырып өткiзетiн болсын;
- облыстық бiлiм департаментiнiң және қалалық /аудандық/ бiлiм беру бөлiмдерiнiң штаттарына әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жастарды бастапқы әскери даярлау жұмысын үйлестiрiп бақылайтын маманның лауазымын қызметкерлердiң штаттық саны шеңберiнде енгiзетiн болсын.
4 4. Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма /Сержанов/ адамның өмiр сүру қауiпсiздiгiнiң және дәрiгерлiк-санитарлық дайындық негiздерi жөнiнде жастарды оқыту жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасауды қамтамасыз ететiн болсын.
5 5. Облыстық денсаулық сақтау департаментi /Орағалиев/:
- дәрiгерлiк-санитарлық дайындық жөнiндегi оқытушыларды iрiктеп даярлауды қамтамасыз ететiн болсын;
- оқушылармен тәжiрибелiк сабақтарды өткiзу үшiн оқу орындарына емдеу мекемелерiн бекiтетiн болсын;
- дәрiгерлiк-санитарлық дайындық жөнiндегi сабақтар барысына бақылау жасайтын болсын.
6 6. Облыстық жастар iстерi, туризм және спорт жөнiндегi басқарма /Мамашев/ әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жiгiттердiң дене шынықтыру даярлығына және патриоттық тәрбиесiне басшылық және бақылау жасауды ұйымдастыратын болсын.
7 7. Облыстық әскери комиссариат /Хомяк/;
- жастарды бастапқы әскери даярлау жұмысын ұйымдастыруға, өткiзуге және оның қорытындыларына бақылау жасауды қамтамасыз етiп, оқу үрдiсiн әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ететiн болсын;
- бiлiм департаментiмен бiрлесе отырып оқу орындарының бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушыларының, оқу пункттерінің штаттан тыс бастықтарының, тәрбие жұмысы жөніндегі олардың орынбасарларының және нұсқаушыларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жұмысын өткізетін болсын;
- бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылармен үш күндiк оқуәдiстемелiк оқуларын және бiр күндiк әдiстемелiк сабақтарын ұйымдастырып өткiзетiн болсын:
- бiлiм беру органдарымен бiрлесе отырып бастапқы әскери даярлықтан өтетiн жiгiттердi қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiнде дала жағдайында жаттықтыруға жинауды жоспарлап, ұйымдастыратын;
- оқыту пункттерiнде оқыту үшiн жiгiттердi жинап, олардың даярлығына бақылау жасауды ұйымдастыратын болсын.