О некоторых вопросах республиканского государственного учреждения «Национальная академическая библиотека Республики Казахстан в городе Астане»
Қолданыста
Қаулы
·№ 555
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканского государственного учреждения «Национальная академическая библиотека Республики Казахстан в городе Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 555
- Қабылданған күні
- 31.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 133611_675697.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000555
- ЭКБ идентификаторы
- 133611
- Редакция идентификаторы
- 133611_675697
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:57
0 «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі
№ 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
мына:
«
8)
«Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ
141
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8)
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы» РММ
141
»;