Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 193 · қабылданған 30.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133613/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 193 ·30.07.2019
23.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 193 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
193
Қабылданған күні
30.07.2019
Көрсетілген редакция
23.12.2019 133613_433577.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SG005512
ЭКБ идентификаторы
133613
Редакция идентификаторы
133613_433577
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:58

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 ақпандағы № 05 қаулысының (2018 жылғы 05 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4563 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат» институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__» _________
№_____ қаулысына
қосымша
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын
есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы ( %)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
83
2 %
1

Қолданыстағы