Құжат мәтініне өту

О реорганизации республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 563 · қабылданған 31.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133652/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О реорганизации республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 563 ·31.07.2019
03.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 563 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
563
Қабылданған күні
31.07.2019
Көрсетілген редакция
03.06.2022 133652_578266.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000563
ЭКБ идентификаторы
133652
Редакция идентификаторы
133652_578266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:56

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, 142, 148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен байқау кеңесі енгізіле отырып, қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « » Казахстан
№ қаулысына
қосымша
Қайта ұйымдастырылатын республикалық
мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Атырау обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

6 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

7 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Орал обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

8 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

9 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « » Казахстан
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерiстер

1

1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
7.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
5 897
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
971
1)
«Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ
185
2)
«Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана» ММ
750
3)
«Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы» ММ
36
».

2

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы»;
ведомстволардың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қарамағындағы обаға қарсы күрес станциялары – республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлім алып тасталсын.

Қолданыстағы