Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алакольском районе

Қаулы · № 204 · қабылданған 22.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133671/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алакольском районе Қолданыста Қаулы ·№ 204 ·22.07.2019
22.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алакольском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 204 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алакольском районе
Атауы (қаз.)
Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
204
Қабылданған күні
22.07.2019
Көрсетілген редакция
22.07.2019 133671_415358.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19DE005209
ЭКБ идентификаторы
133671
Редакция идентификаторы
133671_415358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:05

0 Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» 2012 жылғы 10 мамырдағы № 5-178 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-5-178 тіркелген, 2012 жылдың 18 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын Болатханович Чалкеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «22» шілде «Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 204 қаулысына қосымша

Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Алакөл ауданының полиция бөлімінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Алакөл ауданы әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлерi, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерi, көтермелеушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi ескеріле отыра, әдетте 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын комиссиямен белгiленеді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Алакөл ауданының полиция бөлімінің бастығының бұйрығы шығарылады.

Қолданыстағы