Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил распределения и (или) порядка использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт»

Қаулы · № 574 · қабылданған 01.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133701/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил распределения и (или) порядка использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт» Күшін жойған Қаулы ·№ 574 ·01.08.2019
01.01.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил распределения и (или) порядка использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт»

Күшін жойған Қаулы ·№ 574 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил распределения и (или) порядка использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт»
Атауы (қаз.)
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) оны пайдалану тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
574
Қабылданған күні
01.08.2019
Көрсетілген редакция
01.01.2022 133701_553381.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000574
ЭКБ идентификаторы
133701
Редакция идентификаторы
133701_553381
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:55

0 «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) оны пайдалану тәртібін бекіту туралы

«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) оны пайдалану тәртібі бекітілсін.

2

2. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) оны пайдалану тәртібі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары
және (немесе) оны пайдалану тәртібі
Осы «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) оны пайдалану тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – «Қарағандышахтатарату» ЖШС) берілген, таратылған шахталар жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібін айқындайды.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Зардап шеккен жұмыскер жоғалтқан, ол алып тұрған не алып тұратыны анық табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келуінен туындаған шығыстар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның оны бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктер, почталар көрсететін қызметтерге және өзгелеріне), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.

2 2. Жұмыскер қайтыс болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабында көрсетілген адамдардың залалды (зиянды) өтетiп алуға құқығы бар.

2 2-тарау. Залалды (зиянды) өтеу және қаражатты қайтару тәртібі

3 3. «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға берілген, таратылған шахталар жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.

Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.

4

4. Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгеше зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде – жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес еңбекке жарамдылығынан айырылу орын алғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) пайыздарымен анықталады.

5

5. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне «Қарағандышахтатарату» ЖШС төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдарға қызмет түріне қарамастан осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.

6 6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді «Қарағандышахтатарату» ЖШС жүргізеді.

7 7. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күнге дейін «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.

8 8. «Қарағандышахтатарату» ЖШС залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.

9 9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар жұмыскерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

«Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға банк, почта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарында айқындалады.

10 10. «Қарағандышахтатарату» ЖШС бөлінген қаражат бойынша ай сайын келесі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өткен айдың есебін ұсынады.

11 11. Залалдың (зиянның) өтемін алатын, таратылған шахталардың жұмыскерлері «Қарағандышахтатарату» ЖШС мыналарды:

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар – тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 5- күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтар – тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 10-күнінен кешіктірмей) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, сондай-ақ айына бір рет (айдың 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер ұсынады.

12 12. Пайдаланылмаған бюджет қаражатын қайтару Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1.1 Лауазымдар мен кәсіптер тізбесі

«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларына және (немесе) оны пайдалану тәртібіне
1-қосымша
Лауазымдар мен кәсіптер тізбесі
Р/с №
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші­нің қыз­мет­тер сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес ла­у­а­зым­дар мен кә­сіп­тер­дің ата­уы
Өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар ту­ра­лы ак­ті­лер­де­гі және кә­сіп­тік ула­ну мен кә­сіп­тік ау­ру­ды тер­геп-тек­се­ру ак­ті­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар мен кә­сіп­тер­дің ата­уы
1
2
3
1
Учас­ке ба­стығы
(өнер­к­ә­сіп­те)
Учас­ке ба­стығы, учас­ке ба­стығ­ы­ның кө­мек­ші­сі, аға ме­ха­ник, ти­еу ба­стығы
2
Тау-кен жұ­мыс­шы­ла­ры және же­ра­с­ты және ашық тә­сіл­дер­мен пай­да­лы қаз­ба­лар өн­ді­ру жө­нін­де­гі бас­қа да кә­сіп­тер жұ­мыс­шы­ла­ры
Же­рү­сті тау-кен жұ­мыс­шы­сы
3
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы, же­ра­с­ты та­ке­лаж­ни­гі, же­ра­с­ты қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, шах­та­ға бе­кі­ту ма­те­ри­ал­да­рын жет­кі­зу­ші, тау-кен қаз­ба­ла­рын жөн­деу жө­нін­де­гі тау-кен жұ­мыс­шы­сы, мо­то­рист, пли­та­шы, жол жұ­мыс­шы­сы
4
Та­зар­ту за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Та­зар­ту­шы за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы, үй­ін­ді уа­ту­шы
5
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы, мон­та­ж­шы
6
Жүк ти­е­у­ші
Жүк ти­е­у­ші
7
Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (ко­че­гар)
Күл­ші
1
2
3
8
Бе­кі­ту­ші
Бе­кі­ту­ші
9
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
10
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, ком­байн­шы, кө­мір ком­бай­ны­ның ма­ши­ни­сі, ком­байн­шы­ның кө­мек­ші­сі
11
Бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы­ның ма­ши­ни­сі
Бұр­ғы­лау ста­но­гы­ның ма­ши­ни­сі
12
Үң­гі­ле­у­ші
Үң­гі­ле­у­ші
13
Оқ­пан­шы (же­ра­с­ты)
Оқ­пан­шы
14
Сы­лақ­шы
Сы­лақ­шы-ма­ляр
15
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі, ке­зек­ші сле­сарь
16
Ке­зек­ші және жаб­дық­ты жөн­деу жө­нін­де­гі электр сле­са­рі (сле­сарь)
Электр сле­са­рі, элек­трик
17
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен ав­то­ма­ти­ка сле­са­рі
Электр сле­са­рі - ав­то­мат­шы
18
Бас­шы
Ди­рек­тор
19
Гео­лог
Гео­лог
20
Та­ра­зы­шы
Та­ра­зы­шы
21
Тау-кен ше­бе­рі
Тау-кен ше­бе­рі, ЖМ үле­сті­ру­ші
22
Учас­ке ше­бе­рі
Кө­мір­ді бай­ы­ту ше­бе­рі
23
Жа­ру­шы
Жа­ру­шы-ше­бер
24
Ме­ха­ник
Ме­ха­ник
25
Ең­бек­ті нор­ма­лау жө­нін­де­гі ин­же­нер
Же­ра­с­ты хро­но­мет­ра­ж­шы­сы

1.2 Шахталар тізбесі

«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларына және (немесе) оны пайдалану тәртібіне
2-қосымша
Шахталар тізбесі
«АрселлорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы
1. Қазақстан.
2. Шахтинск.
3. Ленин атындағы.
4. Тентек.
5. Саран.
6. Абай.
7. Күзембаев атындағы.
8. Костенко атындағы.
«ГЕФЕСТ» көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы
1. Западная.
2. «Батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Рапид» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы
Шахта ұңғылау тресі.

Қолданыстағы