Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Жанибекскому району

Қаулы · № 172 · қабылданған 26.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133703/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Жанибекскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 172 ·26.07.2019
22.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Жанибекскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 172 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Жанибекскому району
Атауы (қаз.)
Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
172
Қабылданған күні
26.07.2019
Көрсетілген редакция
22.04.2020 133703_458437.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ZF005749
ЭКБ идентификаторы
133703
Редакция идентификаторы
133703_458437
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:01

0 Жәнібек ауданы бойынша

мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №33 «Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Хайруллинге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "26" шілдедегі
№ 172 қаулысына
қосымша
Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
74
2
1
2
«М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша» мемлекеттік мекемесі
75
2
1
3
«Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша» мемлекеттік мекемесі
70
2
1
4
«Жәнібек аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
102
3
3
5
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
164
3
5

Қолданыстағы