Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан в области автомобильных дорог

Бұйрық · № 548 · қабылданған 25.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133725/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан в области автомобильных дорог Қолданыста Бұйрық ·№ 548 ·25.07.2019
25.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан в области автомобильных дорог

Қолданыста Бұйрық ·№ 548 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан в области автомобильных дорог
Атауы (қаз.)
Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
548
Қабылданған күні
25.07.2019
Көрсетілген редакция
25.07.2019 133725_416549.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019112
ЭКБ идентификаторы
133725
Редакция идентификаторы
133725_416549
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:02

0 Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған»):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2 2) «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы

24 желтоқсандағы № 902 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18071 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Теміртау
1291 + 335 километр (бұдан әрі – км) – 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы
24 желтоқсандағы № 904 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18073 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Алматы – Құрты учаскесі, Қапшағай – Құрты республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы;».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

1 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы «26» наурыздағы № 315 бұйрығына
2-қосымша
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі
Жол ин­дек­сі
Жол­дар­дың ата­уы
Ұзынды­ғы, км
1
2
3
М-32
РФ ше­ка­ра­сы (Са­ма­ра­ға) - Шым­кент, Орал, Ақ­тө­бе, Қы­зы­лор­да ар­қы­лы
2059,6
М-36
РФ ше­ка­ра­сы (Ека­те­рин­бург­ке) - Ал­ма­ты, Қо­ста­най, Нұр-Сұл­тан, Қа­ра­ған­ды ар­қы­лы
2047,1
М-38
РФ ше­ка­ра­сы (Ом­бы­ға) - Май­қап­ша­ғай (ҚХР-ға шы­ғу), Пав­ло­дар, Се­мей ар­қы­лы
1081
М-39
ӨР ше­ка­ра­сы (Таш­кент­ке) - ӨР ше­ка­ра­сы (Тер­мез­ге)
24,1
М-51
РФ ше­ка­ра­сы (Че­ля­бин­скi­ге) – РФ ше­ка­ра­сы (Но­во­си­бир­скi­ге), Пет­ро­павл, Ом­бы ар­қы­лы
190
А-1
Нұр-Сұл­тан - Пет­ро­павл, Көк­ше­тау ар­қы­лы
456
А-2
ӨР ше­ка­ра­сы (Таш­кент­ке)-Шым­кент-Та­раз-Ал­ма­ты-Қор­ғас, Көк­пек, Көк­тал, Қай­нар ар­қы­лы
(ҚР ше­ка­ра­сы­на кiре­берiспен және Та­раз, Құ­лан, Қор­дай шат­қа­лы­ның ай­нал­ма жол­да­ры­мен, Қор­дай шат­қа­лы­мен)
1292
А-3
Ал­ма­ты – Өс­ке­мен – Ше­мо­наи­ха- РФ ше­ка­ра­сы (Ая­гө­з­дің және Сар­қанд­тың ай­нал­ма жол­да­ры­мен және Мұқ­ры шат­қа­лы­ның кiре­берi­сі­мен)
1212
А-4
Ал­ма­ты-Ша­мал­ған -Ұзы­на­ғаш – Ақ­қай­нар – Сұ­ран­шы ба­тыр - ҚР ше­ка­ра­сы (Ұзы­на­ғаш кен­тіне кiре­берiспен)
115
А-5
Ақ­сай – Шон­жы – Көл­жат - ҚХР ше­ка­ра­сы (ҚХР ше­ка­ра­сы­на кiре­берiспен)
160
А-6
Көк­пек - Ке­ген - ҚР ше­ка­ра­сы (Түп) (Ке­ген шат­қа­лы­ның ай­нал­ма жо­лы­мен)
115
А-7
Үша­рал - До­стық
184
А-8
Тас­кес­кен - Бақ­ты (ҚХР ше­ка­ра­сы)
187
А-9
Өс­ке­мен – Рид­дер - РФ ше­ка­ра­сы
167
А-11
Се­мей - РФ ше­ка­ра­сы (Бар­на­ул­ға)
111
А-12
Пет­ро­павл - Со­ко­лов­ка - РФ ше­ка­ра­сы (Есiл­ге)
62
А-13
Көк­ше­тау – Кiш­ке­не­көл - Би­дай­ық - РФ ше­ка­ра­сы (Ом­бы­ға)
278
А-14
Та­раз - Ут­мек - ҚР ше­ка­ра­сы
14
А-15
Жи­зақ - Га­га­рин - Жетi­сай - Ки­ров - Қы­зы­л­әс­кер -Са­рыа­ғаш-Абай - Жi­бек жо­лы (ӨР ше­ка­ра­сы Ата­кент ауы­лы­на кі­ре­бері­спен Сыр­да­рия, Гүл­стан, Шы­наз және Са­рыа­ғаш са­на­то­ри­я­сы­на)
221
А-16
Жез­қаз­ған - Пет­ро­павл, Ар­қа­лық ар­қы­лы
940
А-17
Қы­зы­лор­да - Пав­ло­дар –Успен­ка - РФ ше­ка­ра­сы
1493
А-18
Пав­ло­дар - Шар­бақ­ты - РФ ше­ка­ра­сы
112
А-19
Ал­ма­ты - Ше­лек - Қор­ғас
304
А-20
Қа­ра­ған­ды - Ая­гөз - Тар­ба­ға­тай-Бұ­ғаз
921
А-21
Мам­лют - Қо­ста­най
398
А-22
Қа­ра­бұ­тақ - Ком­со­моль­ское - Де­ни­сов­ка - Руд­ный -Қо­ста­най
546
А-23
Де­ни­сов­ка - Жі­ті­қа­ра - Мық­ты­көл - РФ ше­ка­ра­сы
142
А-24
Ақ­тө­бе-Мәр­төк - РФ ше­ка­ра­сы (Орын­бор­ға)
92,3
А-25
Ақ­тө­бе - РФ ше­ка­ра­сы (Ор­ск­ке)
120,8
А-26
Қан­дыа­ғаш - Ем­бі - Шал­қар -Ыр­ғыз
401
А-27
Ақ­тө­бе-Аты­рау- РФ ше­ка­ра­сы (Аст­ра­ха­нь­ға)
865,4
А-28
Аты­рау - Орал
487
А-29
Орал - Тас­қа­ла - РФ ше­ка­ра­сы (Озин­ки­ге)
100
А-30
Под­степ­ное - Фе­до­ров­ка - РФ ше­ка­ра­сы
144
А-31
Ча­па­ев - Жал­пақ­тал - Казта­лов­ка - РФ ше­ка­ра­сы
213
А-32
Орал - РФ ше­ка­ра­сы (Бу­зу­лук­ке)
28
А-33
Дос­сор - Құл­са­ры - Бей­неу - Сай-Өтес - Шет­пе-Жетi­бай - Ақ­тау пор­ты (Же­ті­бай ар­қы­лы және Шет­пе­ге кі­ре­бе­ріс)
815
А-34
Жетi­бай - Жа­ңа өзен - Кен­дір­лі - ТР ше­ка­ра­сы (Түрк­мен­ба­шы­ға)
237
А-35
Ақ­тау - Құ­рық
59
А-36
Құ­рық - Же­ті­бай
64
Р-1
Бей­неу - Ақ­жi­гіт - ӨР ше­ка­ра­сы (Нү­кіс­ке)
84
Р-2
Нұр-Сұл­тан - Қор­ғал­жың (Қор­ғал­жың қо­ры­ғы­на кі­ре­бері­спен)
161
Р-3
Нұр-Сұл­тан - Қа­бан­бай ба­тыр - Эн­ту­зи­аст - Ки­ев­ка - Те­мiр­тау
250
Р-4
Нұр-Сұл­тан - Ерей­мен­тау - Ші­дер­ті
238
Р-5
Ер­тіс өзе­ні­нің кө­пір өт­ке­лі ар­қы­лы Пав­ло­дар­дың ба­тыс ай­нал­ма жо­лы
15
Р-6
Ма­кин-Ақ­су-Тор­ғай
235
Р-7
Бу­ра­бай ку­рорт ай­ма­ғы­ның жол­да­ры
66
Р-8
Щу­чье-Зе­рен­ді
80
Р-9
Вя­че­слав су қой­ма­сы­на кiре­бе­ріс
17
Р-10
Нұр-Сұл­тан­ға ай­нал­ма жол
52,7
Р-11
Көк­ше­тау-Ру­за­ев­ка
196
Р-12
Көк­ше­тау-Ат­ба­сар
184
Р-13
Жақ­сы-Есіл-Бу­зу­лук
82
Р-14
Көк­ше­та­у­ға ай­нал­ма жол (Әу­е­жай­ға кі­ре­бері­спен)
18
Р-15
Ке­ген-На­рын­қол
89
Р-16
«Көк­пек-Ке­ген-Түп» а/ж - Жа­ла­ңаш - Са­ты - Құр­мет­тi (Көл­сай көлiне кiре­берiспен)
89
Р-17
Ал­ма­ты-Тал­ғар-Бай­ди­бек би
68
Р-18
Қап­ша­ғай-Құр­ты
67
Р-19
«Ал­ма­ты - Көк­тал - Бай­сер­ке - Меж­ду­ре­чен­ское» а/ж – РФ ше­ка­ра­сы (Ека­те­рин­бург­ке) - Ал­ма­ты
52
Р-20
Са­ры­ө­зек-Көк­тал (Са­ры­ө­зек ст. ай­нал­ма жо­лы)
192
Р-21
Ал­ма-Тау тур­ба­за­сы­на кiре­берiс
15
Р-22
Ал­ма­ты-Кос­мо­стан­ция (Ал­ма­ты және Ал­ма-Ара­сан са­на­то­рий­ле­ріне кiре­берiспен)
37
Р-23
Се­мей-Қай­нар
276
Р-24
Өс­ке­мен-Се­мей
195
Р-25
Өс­ке­мен – Ал­тай – Үл­кен На­рын - Қа­тон Қа­ра­ғай - Рах­ман қай­на­ры
446
Р-26
РФ ше­ка­ра­сы (Ом­бы­ға) - Май­қап­ша­ғай (ҚХР-ға шы­ғу) - Қал­жыр-Мар­қа­көл
124
Р-27
Қал­ка­ман - Ба­я­на­ул - Үмiт­кер - Бо­та­қа­ра
324
Р-28
Қа­ра­сай ба­тыр­дың ес­керт­кiш ке­шенiне кiре­бе­ріс
24
Р-29
Мер­ке-Бу­рыл­бай­тал
266
Р-30
Шу - Қай­нар
56
Р-31
Кен­тау-Түр­кiстан-Ары­стан­баб-Шәуiл­дiр-Төрт­көл
145
Р-32
Шым­кент­ке сол­тү­стік ай­нал­ма жол
36,5
Р-33
Мұ­кұр-Құл­са­ры
136
Р-34
«Қы­зы­лор­да-Пав­ло­дар» а/ж - Жәй­рем- Қа­ра­жал-Ата­су
144
Р-35
Ақ­ша­тау-Аға­дыр-Ор­тау - «Қы­зы­лор­да- Пав­ло­дар» а/ж
195
Р-36
Қо­ста­най-Әу­лие­көл-Сұр­ған
257
Р-37
Ба­стау-Ақ­тау-Те­мір­тау
53
Р-38
«Қо­ста­най-Жақ­сы» а/ж – «Қо­ста­най-Қа­ра­бұ­тақ» а/ж
6
Р-39
«Қо­ста­най - Қа­ра­бұ­тақ» а/ж - РФ ше­ка­ра­сы (Ека­те­рин­бург­ке) - Ал­ма­ты
21
Р-40
Ма­хам­бет - Ха­мит Ер­ға­ли­ев
45
Р-41
Ле­нин -Ер­тіс - Рус­ская По­ля­на
263,78
Р-42
Қа­бан­бай ба­тыр­дың ес­керт­кiш ке­шенiне кі­ре­бе­ріс
4
Р-43
Руд­ный­дың ба­тыс ай­нал­ма жо­лы
6,9
Р-44
Казта­лов - Жәнi­бек - РФ ше­ка­ра­сы
165
Р-45
Ле­нин-Ақ­су-Көк­тө­бе-Үл­кен Ақ­жар – Кур­ча­тов
220
Р-46
Щу­чье-Бу­ра­бай ку­рорт­тық ай­ма­ғы­ның ой­ын-са­уық ор­та­лы­ғы­на кі­ре­бе­ріс
8,9
Р-47
ҚР ше­ка­ра­сы­на (Қа­ра­су­ға) кі­ре­бе­ріс
17,7
Р-48
«Ала­тау ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар пар­кі» ер­кін эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­на кі­ре­бе­ріс
9,95
Р-49
Пет­ро­пав­л­ға ай­нал­ма жо­лы
30
Р-50
Ақ­тө­бе­нің сол­тү­стік ай­нал­ма жо­лы
39,3
Р-51
Өне­ге-Би­сен-Сай­хин
103
Р-52
Жа­ңа Ко­лу­тон-Ақ­көл-Мин­ское кі­ре­бе­ріс
4,6
Р-53
Т. Рыс­құ­лов­қа кі­ре­бе­ріс
31
Р-54
Қа­ра­ғанды­ға кі­ре­бе­ріс
16
Р-55
Ерей­мен­та­у­ға кі­ре­бе­ріс
36
Р-56
Хан Ор­да­сы­на кі­ре­бе­ріс
21
Жиы­ны
24 387
Ескертпе:
Беков
а/ж – автомобиль жолдары
ҚР – Қырғызстан Республикасы
ҚХР – Қытай Халық Республикасы
ӨР – Өзбекстан Республикасы
ТР – Түрікменстан Республикасы
РФ – Ресей Федерациясы

2 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы «24» желтоқсандағы
№ 902 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Теміртау 1291 + 335 км – 1425 + 422 км учаскесі:
теңге
Р/с №
Ай­мақ­тар
же­ңіл ав­то­кө­лік­тер
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32
орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және ав­то­по­ез­дар­дың жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн-дан
15 тн-ға дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн-дан жо­ға­ры, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар
Жер­гі­лік­ті кө­лік
Ал­дын
ала тө­лем бой­ын­ша тран­зит
Қол­ма-қол ақ­ша­мен, тө­ле­ген­де тран­зит
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Ар­ша­лы 1291+335-1327+920 км (36,585 км)
50
50
100
190
370
550
740
910
2
Анар 1327+920+-1354+700 км (26,780 км)
40
40
80
140
270
400
540
670
3
Оша­ған­ды
1354+700-1402+685 км (47,985 км)
60
60
120
240
480
700
960
1200
4
Те­мір­тау 1402+685-1425+422 км (22,737 км)
50
50
100
130
230
350
460
570
Бір ба­ғыт­та­ғы бар­лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны (134,087 км)
200
200
400
700
1350
2000
2700
3350
Ескертпе:

1 1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

2 2) алдын ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;

3 3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

4

4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қамтылмаған;

5 5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.

Қолданыстағы