Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 188 · қабылданған 23.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133813/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 188 ·23.05.2019
19.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 188 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
188
Қабылданған күні
23.05.2019
Көрсетілген редакция
19.08.2019 133813_421304.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UI005073
ЭКБ идентификаторы
133813
Редакция идентификаторы
133813_421304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:49

0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 наурызындағы №39 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4477 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 наурыздағы «Отырар алқабы» газетінде жарияланған және 2018 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Отырар ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 23 мамырдағы
№188 қаулысына
1 қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынын, ұйымының, мекеменің атауы
Тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
1
Отырар ауданы білім бөлімінің «Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
229
1
2
Отырар ауданы білім бөлімінің Темір жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
149
1
3
Отырар ауданы білім бөлімінің «П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
1
4
Отырар ауданы білім бөлімінің «Отырар жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
95
1
5
«Ш.Калдаяков атындағы мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
196
1

Қолданыстағы