Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на территории улиц С.Сейфуллина и Т.Датка в селе Жана Шилик сельского округа Шилик

Өзге акт · № 23 · қабылданған 23.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133829/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на территории улиц С.Сейфуллина и Т.Датка в селе Жана Шилик сельского округа Шилик Күшін жойған Өзге акт ·№ 23 ·23.07.2019
18.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на территории улиц С.Сейфуллина и Т.Датка в селе Жана Шилик сельского округа Шилик

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на территории улиц С.Сейфуллина и Т.Датка в селе Жана Шилик сельского округа Шилик
Атауы (қаз.)
Шілік ауылдық округіне қарасты Жаңа Шілік ауылы С.Сейфуллин және Т.Датқа көшелерінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23
Қабылданған күні
23.07.2019
Көрсетілген редакция
18.10.2019 133829_424803.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UIM05162
ЭКБ идентификаторы
133829
Редакция идентификаторы
133829_424803
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:04

0 Шілік ауылдық округіне қарасты Жаңа Шілік ауылы С.Сейфуллин

және Т.Датқа көшелерінің
аумағына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 22 шілдедегі №92 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Шілік ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Б.Қасымбековтің жеке тұрғын үй ауласынан табылған күшік өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Шілік ауылдық округінің Жаңа Шілік ауылындағы С.Сейфуллин және Т.Датқа көшелерінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. Отырар ауданы әкімдігінің «Шілік ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шілік ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Орынбасаровқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы