Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта

Бұйрық · № 602 · қабылданған 01.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133836/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта Қолданыста Бұйрық ·№ 602 ·01.08.2019
16.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта

Қолданыста Бұйрық ·№ 602 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения цен (тарифов) за обязательные услуги морского порта
Атауы (қаз.)
Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
602
Қабылданған күні
01.08.2019
Көрсетілген редакция
16.07.2025 133836_777827.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019199
ЭКБ идентификаторы
133836
Редакция идентификаторы
133836_777827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:55

0 Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін

бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Теңiз портының мiндеттi көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтердi) қолдану қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «____»__________
№____ бұйрығымен бекітілген
Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының

3-тармағының 55-42) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесі (бұдан әрі - Міндетті түрде көрсетілетін қызметтердің тізбесі) «Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы

30 қаңтардағы №77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 тіркелген) бұйрығымен бекітілді.

3 3. Танкерлер үшін теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін тарифтерді табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган реттейді.

4 4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

уәкілетті орган – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шегінде салааралық басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
тәуекел коэффициенті – авариялық оқиғаның мүмкін болуына байланысты теңізө портының көрсетілетін өызметтері үшін тарифтерге қосымша пайыз және ескі кемеге қызмет көрсету кезінде қосымша күш-жігер көрсеткені үшін үстемеақы.

2 2-тарау. Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану тәртібі

5 5. Міндетті қызметтер тізбесіне:

корабельдік;
навигацииялық;
арнамен өткен үшін;
айлақтық;
зәкірлік;
арқандап байлау;
табиғат қорғау іс-шаралары саласында;
карантиндік кіреді:

1 1) кеменің қызмет көрсетуіне арналған баға (тариф) кеменің портқа әрбір рет кірген және порттан шыққан кезінде қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді;

2 2) кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін бағалар (тарифтер) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Кемелер қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтер көрсетуіне арналған баға (тариф) кеменің өлшемдік куәлігінде көрсетілген кеменің жалпы сыйымдылық бірлігі үшін белгіленеді және кеменің қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің кіруі үшін және кеме қозғалысын басқару жүйесі әрекет ету аймағында кеменің шығуы үшін бөлек қолданылады.
Өлшеу куәлігі жоқ кемелер үшін кемелер қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтерін көрсету бағасының (тарифінің) есебі кеме құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.
Баржабуксирлік құрамның, керуендер мен өзге де құрамдық жүзу объектілерінің (соның ішінде салдар) жалпы сыйымдылығы кемелердің қозғалысын басқару жүйесін пайдалана отырып навигациялық қызметтерінің көлемін есептеу кезінде жүзу объектілердің барлық элементтерінің жалпы сыйымдылығының қосындысы ретінде айқындалады. Жүзу объектілерінің жалпы сыйымдылығы болмаған жағдайда, кеме құжаттарында немесе жүзу объектілерінің басқа құжаттарында көрсетілген кеме бортының ең көп ұзындығы, ең көп ені және ең көп биіктігі – кеменің үш көлемінің көбейтіндісі арқылы текше метріне есептелетін кеменің шартты көлемі бойынша 0,35 коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі.
Портының навигациялық мән-жай құралдарын пайдалана отырып навигациялық қызметтері үшін бағалар (тарифтер) кеменің портқа әрбір кіруі мен шығуы кезінде қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді.
Навигациялық қызметтеріне арналған баға (тариф) әскери кемелерге және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-Теңіз күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемелеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және (немесе) жою бойынша шараларды қабылдау, оларға дайындықты арттыру (оқытулар, жаттығулар) бойынша іс-шараларға қатысу үшін тартылатын мемлекеттік органдардың кемелеріне қолданылмайды;

3 3) каналмен өткені үшін баға (тариф) соңғы баратын жеріне каналдан әрбір өткен сайын қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді;

4 4) жүк операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы жүк кеменің тұрағына қолданылады және жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді және айлақтың басындағы кемелерден алынады (рейдік айлақтан басқа).

Жүк операцияларынан тыс операцияларына айлақты пайдалану бағасы (тарифі) айлақтың басындағы тұрақта тұрған уақыт ішінде кемелердің әрбір бруттосына тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақтың басында тұрған уақыт үшін кемелерден алынады (рейдтік айлақтан басқа);

5 5) зәкірлік қызмет үшін баға (тариф) рейдте және/немесе айлақта кемелерге зәкірлік тұрақ үшін қолданылады және кеменің жалпы сыйымдылығының әрбір бірлігі үшін белгіленеді;

6 6) арқандап байлау қызметі үшін баға (тариф) арқанның ұштарын тарату, арқанды босату және кемелерді тарту бойынша арқан байлаушылардың жұмысына қолданылады.

Арқандап байлау қызметі үшін арналған баға (тариф) бір операцияға белгіленеді;

7 7) табиғатты қорғау іс-шаралары үшін баға (тариф) портта кемелердің тұрақта тұрған әр тәулігіне белгіленеді;

8 8) карантиндік қызметтер үшін баға (тариф) кеменің бір рет кіргені үшін белгіленеді.

6

6. Осы портқа тіркелген кемелер кеменің теңізде автономды жұмыс істеу мерзімінен көп болуына байланысты жүктен тыс операцияларды (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе өзге де мәжбүрлі қажеттілік) жүзеге асыру үшін портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер ұсынады.
Қазақстан Республикасының теңіз және аумақтық суларында балық аулауды және акваөсіру объектілерін өсіруге және (немесе) күтіп-бағуға, көбейтуге байланысты қызметті жүзеге асыратын осы теңіз портына тіркелген кемелер портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктерді ұсынады.

7

7. Теңіз портының иесі және навигациялық орталық кемелерге (субстандартты не шығарылғанына жиырма жылдан асқан), оның ішінде осы теңіз портының акваториясына кіретін шетелдік кемелерге қатысты теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне арналған тарифтерге тәуекел коэффициенттерін қолдануға құқылы.
Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі, навигациялық орталықтың қызметтеріне қатысты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.
Бұл ретте, тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін келесіден аспауы керек:
20 жылдан асқан және 25 жылға дейінгі кемелер үшін – теңіз портының міндетті қызметінен 30 % құрайды;
25 жылдан асқан кемелер үшін – теңіз портының міндетті қызметінен 50 % құрайды.

Қолданыстағы