Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 145 · қабылданған 02.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133850/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 145 ·02.08.2019
21.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 145 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
02.08.2019
Көрсетілген редакция
21.12.2023 133850_676471.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SN005527
ЭКБ идентификаторы
133850
Редакция идентификаторы
133850_676471
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:54

0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2017 жылғы 29 тамыздағы № 160 (2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4313 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 145 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) мүгедек балаларды және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) ауылдық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

4 4) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

5 5) аккомпаниатор;

6 6) библиограф;

7 7) кітапханашы;

8 8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

9 9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

10 10) музыкалық жетекші;

11 11) режиссер;

12 12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

13 13) редактор (негізгі қызметтер);

14 14) хореограф;

15 15) дыбыс операторы.

Қолданыстағы