Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации деятельности по перевозке грузов грузовыми и специализированными автотранспортными средствами, а также оказанию услуг специальными автомобилями в территориальном подразделении уполномоченного органа в области автомобильного транспорта

Бұйрық · № 609 · қабылданған 02.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133914/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации деятельности по перевозке грузов грузовыми и специализированными автотранспортными средствами, а также оказанию услуг специальными автомобилями в территориальном подразделении уполномоченного органа в области автомобильного транспорта Қолданыста Бұйрық ·№ 609 ·02.08.2019
02.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации деятельности по перевозке грузов грузовыми и специализированными автотранспортными средствами, а также оказанию услуг специальными автомобилями в территориальном подразделении уполномоченного органа в области автомобильного транспорта

Қолданыста Бұйрық ·№ 609 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации деятельности по перевозке грузов грузовыми и специализированными автотранспортными средствами, а также оказанию услуг специальными автомобилями в территориальном подразделении уполномоченного органа в области автомобильного транспорта
Атауы (қаз.)
Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
609
Қабылданған күні
02.08.2019
Көрсетілген редакция
02.08.2019 133914_417887.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019185
ЭКБ идентификаторы
133914
Редакция идентификаторы
133914_417887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:54

0 Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидаларын бекіту туралы

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк
таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы
автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидаларын бекіту туралы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидалары «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес әзірленді және автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2

2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото-бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы (бұдан әрі – ААӨҚ);

3

3) жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің тізілімі – ААӨҚ-да қалыптастырылатын жүктерді жүк таситын және мамандандырылған көлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызмет көрсететін қызметті жүзеге асыратын тасымалдаушылардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі - Тізілім).

2 2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібі

3

3. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу жүктерді жүк таситын және мамандандырылған көлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызмет көрсететін қызметті жүзеге асыратын тасымалдаушылардың бірыңғай тізімді қалыптастыру мақсатында автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер жүргізеді.

4

4. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу үшін тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мыналарды көрсете отырып, ұсынады:

1 1) заңды немесе жеке тұлғаның атауын;

2 2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

3 3) заңды немесе жеке тұлғаның көлік құралдарының типі, саны;

4 4) көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;

5 5) заңды немесе жеке тұлғаның орналасқан жері (облыс, қала (кент, ауыл), көше, үй, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы);

6 6) қызмет, көрсетілетін қызмет түрі.

5

5. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімше жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.

6 6. Тасымалдаушымен толық емес мәліметтерді көрсете отырып өтінішті ұсынған жағдайда автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтінішті қабылдаудан бас тартады.

1 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «___»________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(Өтініш берушінің БСН, ЖСН)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(көлік құралының типі, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның орналасқан жері (облыс, қала (кент, ауыл),
көше, үй, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қызмет, көрсетілетін қызмет түрі)
20___ ж. «____» ________________

2 Қазақстан Республикасы

Индустрия және
инфрақұрылымдық министрінің
2019 жылғы «___»________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Нысан
№ р/с
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уын
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның кө­лік құ­рал­да­ры­ның ти­пі, са­ны
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­ле­рі
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ор­на­лас­қан же­рі (об­лыс, қа­ла (кент, ауыл), кө­ше, үй, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы)
Қыз­мет, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тү­рі
1
2
3
4
5
6
1

Қолданыстағы