Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан

Қаулы · № 123 · қабылданған 26.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133947/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 123 ·26.07.2019
25.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 123 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения размеров и порядка компенсационных выплат при служебных командировках работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
123
Қабылданған күні
26.07.2019
Көрсетілген редакция
25.12.2023 133947_679032.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019205
ЭКБ идентификаторы
133947
Редакция идентификаторы
133947_679032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:01

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 145-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 88) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.

2 2. Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 123 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындайды.

2

2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс басқа жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіби біліктілікті тануға жіберу болып табылады.

3

3. Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен қамтылған мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде олардың филиалдарының Қазақстан Республикасының шегінде және шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға жiберiлетін қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) жұмыс берушінің іссапарға жіберу туралы бұйрығы негізінде:

1 1) iссапарда болған күнтізбелік күндер, оның ішінде жолда болған уақыт үшiн тәулiкақы;

2 2) тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары;

3 3) межелі орынға жерге бару және кері қайту шығыстары төленеді.

Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстарын (жол жүру билеті және отырғызу талоны (қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде) және корпоративтік (коммерциялық) картаны пайдаланған кезде тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.

4 4. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және iссапар күндеріне сәйкес келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлері және тәртібі

5 5. Тәулiкақы iссапарда болған күнтізбелік күндер, оның ішінде жолда болған уақыт үшiн мынадай мөлшерде төленеді:

1 1) қызметкерлерге (Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлерін қоспағанда) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2 2) Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне – 7 (жеті) АЕК.

6 6. Тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары мынадай мөлшерде төленеді:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына және оның орынбасарларына:

Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 20 (жиырма) АЕК;
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;

2 2) өзге қызметкерлерге:

Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 12 (он екі) АЕК.

7 7. Әуе көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерде:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне – «Бизнес» сыныбындағы әуебилетінің құны бойынша;

2

2) жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген, Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге – жүк тасу шығыстарының құнын қоса алғанда, «Эконом» сыныбындағы әуебилетінің құны бойынша, ол болмаған жағдайда «Бизнес» сыныбы бойынша;

3 3) өзге қызметкерлерге – «Эконом» сыныбындағы әуебилетінің құны бойынша төленеді.

8 8. Темір жол көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерлердегі:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына және жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген, Ұлттық Банк инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге – нақты шығыстар бойынша;

2

2) өзге қызметкерлерге – «Турист» және «Люкс» сыныптарындағы жүйрік пойыздардың купе вагонының тарифі бойынша, ал мұндай билет болмаған жағдайда – төменгі жағында жұмсақ дивандары, жайластырып реттеу қондырғысы бар (жатын вагон) отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купелі вагондар тарифі бойынша төленеді.

9 9. Автомобиль көлігімен (таксиді қоспағанда), сондай-ақ өзге көлікпен (су жолымен) межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерлердегі:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына – нақты шығыстар бойынша;

2 2) өзге қызметкерлерге – жергілікті жердегі жол жүру құны бойынша төленеді.

Жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген, Ұлттық Банк инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге ақылы жолдар бойынша инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің жол жүру құны бойынша қосымша шығыстары өтеледі.

3 3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлері және тәртібі

10 10. Іссапарда болған күнтізбелік күндер үшін, оның ішінде жолда болған уақыты үшін тәулікақы қызметкерлерге Қағидаларға қосымшада көзделген нормалар бойынша төленеді.

11 11. Тұрғын үй-жайды - қонақүй нөмірлерін жалдау шығыстары қызметкерлерге мынадай:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына – Қағидаларға қосымшада көзделген «Люкс» сыныбындағы қонақүй нөмірлерінің жіктелуі бойынша;

2 2) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасарларына – Қағидаларға қосымшада көзделген «Жартылай люкс» сыныбындағы қонақүй нөмірлерінің жіктелуі бойынша;

3 3) өзге қызметкерлерге – Қағидаларға қосымшада көзделген «Стандарт» сыныбындағы қонақүй нөмірлерінің жіктелуі бойынша төленеді.

Қағидаларға қосымшада көзделген тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары нормаларынан асып түскен жағдайда мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне шығыстар растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша өтеледі.
Шақырушы тарап жалдау және брондау бойынша шығыстарды төлеусіз қонақ-үй нөмірін брондау жағдайында шығыстар қызметкерлерге растаушы құжаттардың негізінде нақты шығындар бойынша өтеледі.

12 12. Әуе көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерде:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына - «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) бірінші сыныпты әуе билетінің құны бойынша;

2 2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне - «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;

3 3) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына - «Эконом» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы төрт сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;

4

4) инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің қызметкерлеріне - «Эконом» сыныбындағы, ал ол болмаған кезде жүк тасу шығыстарының құнын қоса алғанда, «Бизнес» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;

5 5) өзге қызметкерлерге - «Эконом» сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) «Эконом» сыныбының жақсартылған шағын сыныптары бойынша төленеді.

13 13. Темір жол көлігімен жол жүру шығыстары мынадай мөлшерлерде:

1

1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына, сондай-ақ Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне – нақты шығыстар бойынша;

2 2) өзге қызметкерлерге – бірінші сыныптағы вагондарды қоспағанда нақты шығыстар бойынша төленеді.

14 14. Автомобиль көлігімен (таксиді қоспағанда), сондай-ақ өзге көлікпен (су жолымен) жол жүру шығыстары мынадай мөлшерлерде:

1 1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына және оның орынбасарларына – нақты шығыстар бойынша;

2 2) өзге қызметкерлерге – жергілікті жердегі жол жүру құны бойынша төленеді.

Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің ақылы жолдар арқылы жол жүру құнының шығыстары қосымша төленеді.
Таксимен (көлік трансферін қоса алғанда) жүруге байланысты шығыстар қызметкерлерге нақты шығыстар бойынша қызмет көрсетушілер ұсынатын растаушы құжаттар негізінде төленеді.

15

15. Виза орталығының консулдық және сервистік алымы үшін, сондай-ақ комиссиялық алымдар, билеттерді брондау және сатып алу, халықаралық байланыс желілерін, Интернет желісін, поездардағы төсек керек-жарақтарын пайдалану үшін шығыстар қызметкерлерге нақты шығыстар бойынша қызмет көрсетушілер ұсынған растайтын құжаттар негізінде төленеді.

1 Шетелде тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстардың нормалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
бюджет қаражаты (шығыстар
сметасы) есебінен
ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
қызметтік іссапарлары кезіндегі
өтемақы төлемдерінің
мөлшерлерін және тәртібін
айқындау қағидаларына
қосымша
Шетелде тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстардың нормалары
Р/с

Мемлекет
Тәуліктік
Қонақүй нөмірлерінің жіктелуі
АҚШ доллары
еуро
люкс
жартылай люкс
стандарт
АҚШ доллары
еуро
АҚШ доллары
еуро
АҚШ доллары
еуро
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Австрия Республикасы
80
435
320
230
2
Австралия одағы
90
400
300
250
3
Әзірбайжан Республикасы
80
250
200
150
4
Албания Республикасы
80
180
150
120
5
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
6
Антигуа және Барбуда
80
180
150
120
7
Аргентина Республикасы
80
330
210
120
8
Египет Араб Республикасы
90
200
175
120
9
Барбадос
80
150
120
100
10
Белиз
80
150
120
100
11
Бермуд аралдары
80
150
120
100
12
Венесуэла Боливария Республикасы
80
260
210
110
13
Босния және Герцеговина
80
195
160
125
14
Венгрия
80
285
215
125
15
Уругвай Шығыс Республикасы
80
150
120
100
16
Люксембург Ұлы Герцогтігі
80
405
205
110
17
Габон Республикасы
80
150
120
100
18
Гвинея Республикасы
80
150
120
100
19
Гренада
80
150
120
100
20
Гибралтар
80
150
120
100
21
Бруней-Даруссалам Мемлекеті
90
180
140
120
22
Катар Мемлекеті
90
400
270
130
23
Израиль Мемлекеті
90
330
250
160
24
Кувейт Мемлекеті
90
330
240
150
25
Грузия
80
180
150
100
26
Грек Республикасы
80
285
230
185
27
Доминикан Республикасы
80
150
120
100
28
Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
29
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
80
150
120
100
30
Конго Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
31
Шығанақтағы аумақтар
80
150
120
100
32
Иордан Хашимит Корольдігі
80
180
140
120
33
Исландия
80
315
210
115
34
Иран Ислам Республикасы
80
250
180
130
35
Ирландия
80
405
250
165
36
Италия Республикасы
80
375
290
205
37
Йемен Республикасы
80
150
120
100
38
Ауғанстан Ислам Республикасы
80
150
120
100
39
Мавритания Ислам Республикасы
80
150
120
100
40
Пәкістан Ислам Республикасы
80
290
180
155
41
Дания Корольдігі
80
400
225
150
42
Андорра Князьдігі
80
150
120
100
43
Бахрейн Корольдігі
90
300
240
100
44
Бельгия Корольдігі
80
310
250
165
45
Гайана Кооперативтік Республикасы
80
150
120
100
46
Испания Корольдігі
80
330
250
205
47
Кайман аралдары
80
150
120
100
48
Камбоджа Корольдігі
80
150
120
100
49
Канада
100
300
285
150
50
Корей Халық Демократиялық Республикасы
80
450
250
150
51
Қытай Халық Республикасы
100
220
180
150
Гонконг
100
220
180
150
Макао
80
150
120
100
52
Қырғыз Республикасы
80
275
130
100
53
Лесото Корольдігі
80
150
120
100
54
Лихтенштейн Князьдігі
80
405
205
110
55
Монако Князьдігі
80
525
305
175
56
Марокко Корольдігі
80
230
200
180
57
Нидерланд Корольдігі
80
305
250
165
58
Норвегия Корольдігі
80
390
330
250
59
Сауд Арабия Корольдігі
90
400
180
130
60
Эсватини Корольдігі
80
150
120
100
61
Таиланд Корольдігі
90
300
240
130
62
Тонга Корольдігі
80
150
120
100
63
Швеция Корольдігі
80
530
355
200
64
Лаос Халық- Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
65
Латвия Республикасы
80
175
130
85
66
Ливан Республикасы
80
260
150
100
67
Ливия
80
165
120
100
68
Литва Республикасы
80
165
125
100
69
Малави Республикасы
80
150
120
120
70
Мальдив Республикасы
80
150
120
100
71
Мексика Біріккен Штаттары
80
230
180
125
72
Малайзия
90
300
270
170
73
Моңғолия
80
150
120
100
74
Боливия Көпұлтты Мемлекеті
80
150
120
100
75
Жаңа Зеландия
80
300
240
150
76
Бангладеш Халық Республикасы
80
200
150
100
77
Тәуелсіз Папуа-Жаңа Гвинеясы мемлекеті
80
160
130
100
78
Тәуелсіз Самоа мемлекеті
80
150
120
100
79
Біріккен Араб Әмірліктері
90
460
220
160
80
Танзания Біріккен Республикасы
80
150
120
100
81
Португалия Республикасы
80
265
210
150
82
Пуэрто-Рико
80
150
120
100
83
Ангола Республикасы
80
180
150
120
84
Армения Республикасы
80
200
170
130
85
Беларусь Республикасы
80
315
120
100
86
Бенин Республикасы
80
150
120
100
87
Болгария Республикасы
80
380
200
130
88
Ботсвана Республикасы
80
150
120
100
89
Вануату
Республикасы
80
150
120
100
90
Гаити Республикасы
80
150
120
100
91
Гамбия Республикасы
80
150
120
100
92
Гана Республикасы
80
150
120
100
93
Гватемала Республикасы
80
150
120
100
94
Джибути Республикасы
80
150
120
100
95
Гвинея-Бисау Республикасы
80
150
120
100
96
Буркино Фасо
80
150
120
100
97
Бурунди Республикасы
80
150
120
100
98
Гондурас Республикасы
80
150
120
100
99
Ирак Республикасы
80
180
140
110
100
Мадагаскар Республикасы
80
150
120
100
101
Замбия Республикасы
80
185
150
120
102
Зимбабве Республикасы
80
165
130
100
103
Үндістан Республикасы
80
300
250
150
104
Индонезия Республикасы
80
260
230
217
105
Кабо-Верде Республикасы
80
150
120
100
106
Камерун Республикасы
80
150
120
100
107
Кения Республикасы
80
185
150
120
108
Кипр Республикасы
80
265
210
150
109
Колумбия Республикасы
80
220
200
160
110
Конго Республикасы
80
150
120
100
111
Коста-Рика Республикасы
80
150
120
100
112
Кот-д'Ивуар Республикасы
80
150
120
100
113
Куба Республикасы
80
340
270
150
114
Корея Республикасы, Сеул қаласы
90
530
250
210
115
Либерия Республикасы
80
150
120
100
116
Маврикий Республикасы
80
150
120
100
117
Мали Республикасы
80
150
120
100
118
Солтүстік Македония Республикасы
80
190
165
115
119
Мальта Республикасы
80
230
180
120
120
Мозамбик Республикасы
80
180
130
100
121
Молдова Республикасы
80
190
150
100
122
Намибия Республикасы
80
150
120
100
123
Нигер Республикасы
80
175
140
120
124
Никарагуа Республикасы
80
150
120
100
125
Палау Республикасы
80
150
120
100
126
Панама Республикасы
80
150
120
100
127
Парагвай Республикасы
80
145
120
100
128
Перу Республикасы
80
245
200
140
129
Польша Республикасы
80
330
180
125
130
Мьянма Одағы Республикасы
80
150
120
100
131
Судан Республикасы
80
150
120
100
132
Эль-Сальвадор Республикасы
80
150
120
100
133
Сенегал Республикасы
80
150
120
100
134
Сингапур Республикасы
90
500
300
200
135
Словения Республикасы
80
195
165
125
136
Суринам Республикасы
80
150
120
100
137
Сьерра Леоне Республикасы
80
240
160
100
138
Тәжікстан Республикасы
80
170
130
100
139
Тринидад және Тобаго Республикасы
80
150
120
100
140
Уганда Республикасы
80
180
140
100
141
Өзбекстан Республикасы
80
315
180
100
142
Фиджи аралдары Республикасы
80
150
120
100
143
Сербия Республикасы
80
205
165
125
144
Экваториалдық Гвинея Республикасы
80
150
120
100
145
Филиппин Республикасы
90
280
220
150
146
Хорватия Республикасы
80
260
195
125
147
Чад Республикасы
80
150
120
100
148
Чили Республикасы
80
240
180
110
149
Эквадор Республикасы
80
150
120
100
150
Ресей Федерациясы
80
450
280
220
151
Руанда Республикасы
80
150
120
100
152
Румыния
80
280
185
130
153
Сан-Марино Республикасы
100
320
250
180
154
Сейшель аралдары
80
150
120
100
155
Сент-Люсия
80
150
120
100
156
Сирия Араб Республикасы
80
260
180
110
157
Словак Республикасы
80
190
165
125
158
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі
80
80
580
550
390
375
215
205
159
Багам Аралдары Достастығы
80
150
120
100
160
Соломон аралдары
80
120
110
100
161
Америка Құрама Штаттары
100
525
400
260
Нью-Йорк қаласы
100
1200
1000
575
162
Вьетнам Социалистік Республикасы
80
200
150
100
163
Комар аралдары одағы
80
150
120
100
164
Оман Сұлтандығы
90
300
240
120
165
Черногория
80
205
165
125
166
Тайвань
80
150
120
100
167
Тоголез Республикасы
80
150
120
100
168
Тунис Республикасы
80
150
120
100
169
Түрікменстан
80
240
180
120
170
Түркия Республикасы
100
350
230
180
171
Украина
80
315
180
120
172
Бразилия Федеративтік Республикасы
80
330
210
150
173
Германия Федеративтік Республикасы
80
400
210
165
174
Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
175
Финляндия Республикасы
80
400
300
200
176
Француз Республикасы
80
415
290
230
177
Нигерия Федеративтік Республикасы
80
150
120
100
178
Сомали Федеративтік
Республикасы
80
150
120
100
179
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
80
240
180
120
180
Чех Республикасы
80
255
210
125
181
Швейцария Конфедерациясы
80
415
290
230
182
Эстония Республикасы
80
330
175
125
183
Оңтүстік Африка Республикасы
80
190
160
100
184
Ямайка
80
180
150
120
185
Жапония
100
360
325
220

Қолданыстағы