Құжат мәтініне өту

Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Каракиянскому району

Өзге акт · № 32/327 · қабылданған 01.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133948/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Каракиянскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 32/327 ·01.08.2019
13.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Каракиянскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 32/327 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Каракиянскому району
Атауы (қаз.)
Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32/327
Қабылданған күні
01.08.2019
Көрсетілген редакция
13.03.2020 133948_456397.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19MD003973
ЭКБ идентификаторы
133948
Редакция идентификаторы
133948_456397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:56

0 Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20 - 1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы №7/84 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3271 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда «Қарақия» газетінде жарияланған) және «Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 «Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы №9/115 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3371 болып тіркелген, 2017 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д.Сабытова) жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтер

Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы
1 тамыздағы № 32/327 шешіміне
қосымша
Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтер

Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м 3
1429,63 теңге
Жеке тұлғалар
1 адам/айына
213,26 теңге
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС – қосылған құн салығы

Қолданыстағы