Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области

Қаулы · № 242/2 · қабылданған 09.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133964/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области Қолданыста Қаулы ·№ 242/2 ·09.08.2019
09.08.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области

Қолданыста Қаулы ·№ 242/2 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
242/2
Қабылданған күні
09.08.2019
Көрсетілген редакция
09.08.2019 133964_416739.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19P0006503
ЭКБ идентификаторы
133964
Редакция идентификаторы
133964_416739
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:50

0 Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші

жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Арыноваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ________
№ ___ қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі

1 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс

берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4919 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда «Регион.kz» газетінде жарияланған).

2

2. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 1/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5360 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3

3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 236/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы