Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 993 · қабылданған 09.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134084/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 993 ·09.08.2019
09.08.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 993 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
993
Қабылданған күні
09.08.2019
Көрсетілген редакция
09.08.2019 134084_417279.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LE006879
ЭКБ идентификаторы
134084
Редакция идентификаторы
134084_417279
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:51

0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы №637 қаулысына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

2

2. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» №591 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6018 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Ү.Қошалақовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының полиция департаменті
Қармақшы ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесімен

5 Қармақшы ауданы әкімдігінің

2019 жылғы " " тамыздағы
№ қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

1 1. Көтермелеудiң түрлерi

1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудiң тәртiбi

2

2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қармақшы ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

3

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Полиция бөлімі) енгізеді.

4 4. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.

5 5. Комиссия қабылдаған шешiм–көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес Полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

6 6. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын Полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшерi

7

7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген Полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы