Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кобдинском районе

Қаулы · № 223 · қабылданған 08.08.2019
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134096/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кобдинском районе Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 223 ·08.08.2019
08.10.2020 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кобдинском районе

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 223 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кобдинском районе
Атауы (қаз.)
Қобда ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
223
Қабылданған күні
08.08.2019
Көрсетілген редакция
08.10.2020 134096_485647.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CG006343
ЭКБ идентификаторы
134096
Редакция идентификаторы
134096_485647
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:52

0 Қобда ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қобда ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. «Қобда ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Өтеповке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қобда ауданы әкімдігінің

2020 жылғы «08» тамыздағы
№ 223 қаулысына қосымша
Қобда ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

8 Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

13 Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қобда ауданының әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Қобда аудандық ПБ* бастығымен ұсынылады.

4 4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысының *ПД бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерi, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

18 Ақшалай сыйақының мөлшері

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Қобда аудандық ПБ жүргiзіледі.

8 8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

Қолданыстағы