Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 299 · қабылданған 16.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134130/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 299 ·16.08.2019
15.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 299 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
299
Қабылданған күні
16.08.2019
Көрсетілген редакция
15.03.2021 134130_517105.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019258
ЭКБ идентификаторы
134130
Редакция идентификаторы
134130_517105
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:46

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқарма – облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы;
2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;
3) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес басқарма айқындайтын, иесі ретінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
4) нақты сатып алу бағасы – бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар нақты төлеген орташа баға;
5) өтінім – өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін шикізат сатып алуға арналған субсидияларды алуға электрондық өтінім;
6) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;
7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау талаптарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялау жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
11) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шикізат сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС –Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ
мұнда:
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) www.stat.gov.kz ресми сайтында орналастырылатын «Бағалар және тарифтер» бөлімінің «Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы» статистикалық бюллетені бойынша ҚР ҰЭМ СК қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);
Ииф – инфляция деңгейі, алдыңғы жылға ресми статистикалық ақпарат;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);
Ш өңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;
Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:
Нсуб = Бкеп.сат – Бсат
мұнда:
Нсуб – өнім бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;
Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім Комиссия төрағасының хаттамалық шешімімен бекітіледі.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындау үшін есептік көрсеткіш болып табылады.
Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша төмендейді:
мұнда:
Нсуб.қысқарт. - өнім бірлігіне субсидиялардың төмендетілген нормативі, теңге/килограмм;
Цн.сат - нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Цсат - сатып алу бағасы, теңге/килограмм.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Басқарма субсидияға арналған жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады.
Бұл ретте, Басқарма бөлінген бюджеттік қаражатты субсидияланатын өнімнің бағыттары бойынша бөледі және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады. Бағыттардың бірі бойынша өтінім болмаған жағдайда, бюджеттік қаражатты субсидияланатын өнімнің бағыттары арасында бір жыл ішінде қайта бөлуге жол беріледі.
14. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған кезде төленеді:
1) өңдеуші кәсіпорындардың «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға өтінім беруі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялау жүйесінде тіркелуі;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) немесе ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес жазып берілген тиісті шот-фактурасының болуы, оның сканерленген көшірмесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
Осы тармақтың 3-тармақшасының талабы 2018 жылғы төртінші тоқсаннан басталған өтінімдерге қолданылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

1 Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы «___»_______
№____бұйрығына
1-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
Кімге: __________________________________________________ басқармасына
(облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың)
Кімнен: _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт* өндіру үшін _____ килограмм
көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға
_________________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.
(сома цифрмен және жазбаша)
.

1 1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

Заңды тұлға және шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін:
атауы _______________________________________________________________
БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________________
мекенжайы:__________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ______________________________________________________________
кім берді____________________________________________________________
берілген күні ________________________________________________________
мекенжайы:_________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________
Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _____________________________________________________
хабарламаның берілген күні____________________________________________

2 2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейлі банктегі немесе ұлттық почта

операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)__________
Кбе (бенефициар коды) ________________________________________________
Банк немесе почта операторының деректемелері: __________________________
Банктің немесе почта операторының aтауы:_______________________________
БСК (банктік сәйкестендіру коды) _______________________________________
ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ________________________________________
БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)______________________________________
Кбе (бенефициар коды) ________________________________________________

3 3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:


Шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
Шот-фак­ту­ра­ның бе­рі­л­ген кү­ні
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің ата­уы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Ба­ға­сы, ки­ло­гра­мы­на тең­ге
Құ­ны, тең­ге
Са­ту­шы­ның ата­уы және ЖСН-сы/БСН-сы
1
2
3
4
5
6
7
8
Бар­лы­ғы (нақ­ты са­тып алу ба­ға­сы көр­се­ті­ле­ді)

4 4. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Те­рең­де­те өң­дел­ген өнім­нің ата­уы
Өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Түп­кі­лік­ті өнім­ді ба­стап­қы өнім­ге қай­та есеп­теу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Түп­кі­лік­ті өнім­ді ба­стап­қы өнім­ге қай­та есеп­теу нәти­же­сі
Шот-фак­ту­ра­дан алын­ған де­ректер
бой­ын­ша нақ­ты са­тып алын­ған ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің жал­пы кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге/ ки­ло­грамм
Қы­сқар­ты­л­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге/ ки­ло­грамм (бар бол­са)
Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге
Ескертпе:
*Бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.
** Әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы «___» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Басқарма 20__ жылғы «___» ________ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭСҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

2 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы «___»_______
№____бұйрығына
2-қосымша

Қолданыстағы