О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 608
- Қабылданған күні
- 19.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2019 134157_417798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000608
- ЭКБ идентификаторы
- 134157
- Редакция идентификаторы
- 134157_417798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:46
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті «Алматы» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті «Алматы» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3
3) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті «Сарыарқа» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті «Сарыарқа» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4
4) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті Есіл ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті «Есіл» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5
5) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті «Байқоңыр» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті «Байқоңыр» ауданының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Министрліктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары бар.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.»;
16-тармақта:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;»;
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар тізілімінде:
реттік нөмірлері 15, 215, 216, 217, 217-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті.»;
«215. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті «Алматы» ауданының әділет басқармасы.
216. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті «Сарыарқа» ауданының әділет басқармасы.
217. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті «Есіл» ауданының әділет басқармасы.
217-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті «Байқоңыр» ауданының әділет басқармасы.».