Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера объектового масштаба на территории месторождения «Каратобе» Жаркамысского сельского округа Байганинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера объектового масштаба на территории месторождения «Каратобе» Жаркамысского сельского округа Байганинского района
- Атауы (қаз.)
- Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 20.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 134166_719107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CD006366
- ЭКБ идентификаторы
- 134166
- Редакция идентификаторы
- 134166_719107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:45
0 Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес және Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы отырысының 2019 жылғы 12 тамыздағы № 3 хаттамасы негiзiнде, халықтың тыныс-тіршілігін және төтенше жағдайды таралу ауқымына қарай жоюды қамтамасыз ету мақсатында, Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына байланысты, объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж. Жаңабай тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
3
3. Байғанин ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 19 «Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қыркүйекте «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.