Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на вырубку деревьев»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на вырубку деревьев»
- Атауы (қаз.)
- «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 20.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2020 134199_477827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19D0005222
- ЭКБ идентификаторы
- 134199
- Редакция идентификаторы
- 134199_477827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:45
0 «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына, «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18712 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18712 тіркелген) бекітілген «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағаштарды кесуге рұқсат беру;
Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау – 15 (он бес) минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау – 3 (үш) сағат. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау – 9 (тоғыз) жұмыс күні. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 4 (төрт) сағат. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 15 (он бес) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;
2 2) «жеке кабинетіне» қызмет алушының өтініштері тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтініш қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
3 3) сұрау салуды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
32 «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы