О снятии ограничительных мероприятий на территории села Мереке Дамдинского сельского округа Наурзумского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Мереке Дамдинского сельского округа Наурзумского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Мереке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 12.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2019 134209_418101.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NPC08627
- ЭКБ идентификаторы
- 134209
- Редакция идентификаторы
- 134209_418101
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:50
0 Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Мереке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 01-20/133 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Мереке ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің «Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Мереке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1 шешімінің (2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8037 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.