О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения района Тереңкөл Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения района Тереңкөл Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының Тереңкөл ауданы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/48
- Қабылданған күні
- 15.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2022 134238_588533.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PH006511
- ЭКБ идентификаторы
- 134238
- Редакция идентификаторы
- 134238_588533
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:47
0 Павлодар облысының Тереңкөл ауданы Қазақстан Республикасының
жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің қолданасқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысының Тереңкөл ауданы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2 2. Павлодар облысының Тереңкөл ауданы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
3
3. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 3/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 тамыздағы «Тереңкөл тынысы», «Заря» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.