О временных положениях "О формировании маршрутной сети Южно-Казахстанской" и "Об организации деятельности автовокзалов (автостанций) Южно-Казахстанской области" Күшін жойған
Басқа 0
"Оңтүстiк Қазақстан облысының» бағыттар желiсiн қалыптастыру туралы" және "Оңтүстiк Қазақстан облысы автовокзалдарының (автобекеттерiнiң) қызметiн ұйымдастыру туралы" уақытша ережелер туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.07.2003 № 380 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен және "Жол жүру қауіпсіздігі туралы" Заңымен негізінде, сондай-ақ облыс әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысымен бекітілген автомобиль көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының бағыттар желісін қалыптастыру туралы" және "Оңтүстік Қазақстан облысы автовокзалдардың (автобекеттерінің) қызметін ұйымдастыру туралы" уақытша ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстағы көлік кешенін басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып Оңтүстік Қазақстан облысының көлік және коммуникациялар басқармасы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Н. Громовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 326 қаулысына № 1 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысының бағыттар желiсiн қалыптастыру туралы Уақытша ереже
Тарау 1. 1. Бағыттар желiсiн қалыптастырудың» негiзгi
принциптерi
1. Бағыттар желiсiн қалыптастырудың» негiзгi
принциптерi
Бағыттар желiсiн қалыптастыру көлiк саласындағы өкiлеттi орган тарапынан жолаушылар ағынын зерттеу, жергiлiктi атқарушы органдардың, тұрғындардың, мекемелер мен басқа да шаруашылық субъектiлерiнiң, сондай-ақ тасымалдаушылардың ұсыныстарын зерделеу арқылы жүзеге асырылады.
Облыс аумағындағы жолаушылар көлiгi бағыттарының сызбаларын, сондай-ақ қозғалыс кестелерiн бекiту, көлiк саласындағы уәкiлеттi органмен бағыттарды бөлу бойынша өткiзiлетiн тендерге дейiн жүзеге асырылады.
Жолаушылар тасымалдаудың жаңа бағыттарын дайындауда және жүрiп тұрған бағыттарды реттеуде келесi принциптер болуы тиiс:
Тармақша 1
1) жолаушылар тасымалдау қызметiнде халықтың сұранысын толығымен қанағаттандыру;
Тармақша 2
2) тасымалдаушылардың қаржылық мүдделерiнiң сақталуы;
Бағыттың қозғалыс сызбасының және оған қызмет көрсету тәртiбiнiң өзгеруi, сондай-ақ бағытты жабу уәкiлеттi органның келiсiмiмен және де бұл өзгерiстердi бұқаралық-ақпарат құралдарында жариялаған мерзiмнен 30 күн өткеннен кейiн iске асырылады. Аталған iс-шараларды iске асыруға кеткен шығындар келiсiм негiзiнде тасымалдаушының есебiнен толтырылады.
Көлiк саласындағы уәкiлеттi орган мен тасымалдаушы ретiнде әрекет жасаушы жеке және заңды тұлғалардың өзара қарым-қатынасы келiсiм негiзiнде құрылады және Қазақстан Республикасының заңдылық, нормативтiк-құқықтық актiлерiне және осы Уақытша ережеге сәйкес реттеледi.
Жергiлiктi бюджеттiң мүмкiншiлiгi болған жағдайда азаматтардың жеке санаттарына жалпы қолданымдағы жолаушылар көлiгiнде жеңiлдiктермен жол жүру құқығы берiлуi мүмкiн.
Азаматтардың санаттары және жеңiлдiктермен жол жүру құқығын беру тәртiбi (ҚР заңнамасымен қарастырылған жеңiлдiктерден басқалары), сондай-ақ осыларға байланысты тасымалдаушыларға берiлетiн ақшалай шығындар облыстық бағыттарда облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленiлу мүмкiн.
Бағыттар оларды ұйымдастырудың түрлерiне, нысанына және сипатына қарай белгiленедi.
Бағыттар түрлерiне қарай негiзгi үш типке бөлiнедi:
- қала iшiндегi (аудан iшiндегi);
- қалааралық (ауданаралық);
- халықаралық.
Қала iшiндегi (аудан iшi) жолаушылар тасымалдаулары тиiстi қалалық (аудандық) әкiмияттар ұйымдастырады.ұйымдастырылу түрiне қарай бағыттардың бөлiнуi:
- жүйелi;
- жүйесiз (чартерлiк, саяхаттық, тапсырыспен).
Ұйымдастыру сипатына қарай бағыттардың бөлiнуi:
Тармақша 1
1) негiзгi, бағыттың сызбасында көрсетiлген барлық аялдамаларға тоқтайтын, автобустардың барлық түрлерiмен қызмет көрсетiлетiн бағыттар;
Тармақша 2
2) бағытты таксилер, жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн, жолаушыларды мiнгiзiп, түсiруiне қауiпсiз жерлерде тоқтауға тиiстi, жолаушылардың сұранысы бойынша аялдайтын шағын автобустармен қызмет көрсетiлетiн бағыттар.
Бағыттың соңғы аялдамасы негiзгi жолаушылар ағынын түзетiн меже болып, ал бағыттың өн бойында жолаушылар ағыны тиянақсыз болса, бағытты такси қозғалысын шұғыл арақашықтық бойынша, атап айтқанда жолаушылардың жиналуына қарай ұйымдастыруға рұқсат берiледi;
Тармақша 3
3) бiрiктiрiлген, бiр бағытта автобустар және шағын автобустармен қызмет көрсетiлетiн. Бұл жағдайда бағытты бiрiктiру құқығы тендер бойынша автобус бағытының жеңiмпазы болған тасымалдаушыға берiледi.
Сонымен қатар, жолаушылар бағыттары тұрғындарға қызмет көрсету тәртiбiне байланысты бөлiнедi:
Тармақша 1
1) тұрақты, тәулiктiң белгiленген уақытында және аптаның барлық күндерiнде қызмет көрсетедi;
Тармақша 2
2) қосымша, тәулiктiң белгiлi бiр уақыттарында немесе белгiленген күндерi, мәселен "қауырт" сағаттарда, мейрам күндерi, қызмет көрсетедi;
Тармақша 3
3) маусымдық, жылдың белгiлi бiр мезгiлдерiнде, мәселен саяжай науқаны кезiнде, қызмет көрсетедi;
Тармақша 4
4) уақытша, күнделiктi тәртiпте қызмет көрсетуге кедергi келтiретiн көше-жол желiсiнде есепке алынбаған өзгерiстер болған жағдайларда жүргiзiледi.
Жүйелi жолаушылар тасымалдаулар алдын ала дайындалған бағыттар сызбасына, жолаушыларды бағыттың аралық аялдамаларында немесе соңғы бекеттен мiнгiзiп, түсiретiн қозғалыс және уақыт кестелерiне сәйкес ұйымдастырылады.
Ауданаралық, қалааралық жүйелi бағыттардың, сонымен қатар паритеттiк негiзде қызмет етiлетiн облысаралық бағыттардың тасымалдаушылар арасында бөлiнуi, уәкiлеттi орган ұйымдастырған ашық тендерлер негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
Жүйесiз жолаушылар тасымалдаулар кәсiпорындар, мекемелер және тұрғындармен тiкелей келiсiм немесе бiр реттiк тапсырыстары бойынша тасымалдаушылармен ұйымдастырылады.
Тарау 2. 2. Жолаушыларды және олардың жүктерiн қалааралық (ауданаралық) тасымалдау
2. Жолаушыларды және олардың жүктерiн қалааралық (ауданаралық) тасымалдау
Тармақ 1
1. Қалааралық (ауданаралық) бағыттар және оларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
Тармақша 1
1) Қалааралық (ауданаралық) бағыттарға қозғалыс сызбасы аудандар мен қалалардың әкiмшiлiк шекараларынан тысқары шығатын және облыстың қалалары мен елдi мекендерi арасында қатынайтын бағыттар кiредi.
Тармақша 2
2) Жүйелi қалааралық (ауданаралық) жолаушылар бағыттарының сызбаларын, қозғалыс және уақыт кестелерiн облыстық уәкiлеттi орган бекiтедi.
Тармақша 3
3) Облыс аумағынан тысқары шығатын бағыттардың ашылуы немесе сызбасына, қозғалыс және уақыт кестелерiне өзгерiстер енгiзу үшiн, мiндеттi түрде, бағыттың баратын облысының тиiстi органдарының келiсiмi қажет.
Тармақша 4
4) Қалааралық жүйелi жолаушылар тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына ие болған тасымалдаушы, жолаушыларды түсiрiп мiнгiзу тәртiбi жөнiнде, жүргiзушiлердi дәрiгерлiк тексеруден өткiзуге, өз кассаларынан билеттер сатуға және басқа да өзара қызметтер көрсету туралы бағыт бойындағы автовокзалдармен (автобекеттермен), келiсiм түзуге мiндеттi.
Тармақша 5
5) Тасымалдаушыларға бағыттың бастапқы бекетiнде, сондай-ақ жол бойында автовокзал (автобекет) аумағынан тыс жерден жолаушыларды мiнгiзiп, аттандыруға тыйым салынады.
Тармақша 6
6) Елдi-мекендер арқылы өтетiн бағыттардың жол жүру сызбалары мiндеттi түрде жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлуi қажет.
Тармақ 2
2. Жолаушылардың жол жүру шарттары және тәртiбi.
Тармақша 1
1) Қалааралық (ауданаралық), облысаралық жолаушылар бағыттарында, сонымен қатар бағытты таксилермен қызмет көрсетiлетiн бағыттарда, жолаушылар өзiмен бiрге 7 жасқа толмаған балаларды тегiн алып жүруге құқылы. 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балалар бекiтiлген тарифтың 50% мөлшерiнде жолақы төлейдi.
Тармақша 2
2) Қалааралық (ауданаралық) бағыттағы автобустарда (шағын автобустарда) жол жүрген кезде жолаушы жол жүру билетiн алуға мiндеттi және оны сапардың соңына дейiн сақтап, тексеру жүргiзушi тұлғалардың бiрiншi талабымен көрсетуге мiндеттi.
Тармақша 3
3) Кезекшi отырғызушы, автобус жүргiзушiсiмен бiрге жолаушыларды отырғызу кезiнде жол жүру билеттерiн тексередi. Кезекшi отырғызушы жоқ жерлерде билеттi жүргiзушiнiң өзi тексередi.
Тармақша 4
4) Қалааралық бағыттағы автобустар мен бағыттағы таксилерде белгiленген отыратын орындардан артық жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақша 5
5) Жолаушыларға қалааралық бағыттарда жол жүргенде жол жүру билеттерiне түзету енгiзуге тыйым салынады.
Тармақша 6
6) Қоғамдық қалалық және қаламақы көлiгiн пайдалану тәртiбiн бұзғаны үшiн, атап айтқанда, шығатын тепкiшектерде немесе көлiктiң сыртқа шығып тұрған бөлiгiнде тұрғаны, қозғалыс кезiнде мiнуi немесе түскенi, есiктердiң жабылуына кедергi келтiргенi, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмiн ластайтын нәрселер мен заттарды тасымалдағаны үшiн кiнәлi тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 478 бабы, айыппұлды қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгi органдары салады).
Тармақша 7
7) Қалааралық бағыттағы автобустарда билетсiз жол жүргенi, сондай-ақ жолаушыларды билетсiз тасымалдағаны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiрi мөлшерiнде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 479-бабының 2-тармағы, қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгi органдары тарапынан салынады).
Тармақша 8
8) Жолаушылардың билетсiз жүруiне жағдай жасаған көлiк қызметкерлерiне - он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 479-бабының 4-тармағы, қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгi органдары тарапынан салынады).
Тарау 3. 3. Жүк тасымалдау.
3. Жүк тасымалдау.
Тармақша 1
1) Қалааралық бағыттарда жолаушылар автобус салонында мөлшерi 60х40х20 см, салмағы 20 кг аспайтын қол жүгiн (жүк), сондай-ақ тордағы майда жануарлар мен құстарды тегiн тасымалдауға құқығы бар. Жолаушы қалған жүктерiнiң тасымалдануы үшiн, жүкке арналған бөлiкке тапсыруға мiндеттi.
Тармақша 2
2) Тасымалдауға тапсырылатын жүк дұрыс буып-түйiлген болуы керек. Тасымалдауға қабылданған жүк үшiн жолаушыға белгiленген үлгiдегi квитанция немесе нөмiрлiк жетон берiледi.
Тармақша 3
3) Бекiтiлген нормадан артық жүк алып жүру үшiн қосымша ақы төленедi (ақы мөлшерi, тендерлiк ұсыныстар негiзiнде тасымалдаушымен түзiлген келiсiммен белгiленедi).
Қалааралық бағыттағы автобустарда жүк ақысын төлемей алып жүргенi үшiн жүктiң әрбiр орнына, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 480 бабының 4 тармағы, қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгi органдары тарапынан салынады).
Тармақша 4
4) От қауіпті, жарылғыш, уландырғыш, улы, тез тұтанғыш, күйдiргiш және сасық иiстi заттарды, мөлшерi 100х60х50 см немесе бiр орында 60 кг асатын нәрселер мен заттарды, атылатын қаруларды тыс қапсыз және тиiстi құжаттарсыз, жылжымалы құрамдарды және жолаушылардың киiмдерiн ластайтын, сондай-ақ ҚР күшiндегi заңдылықтарымен тасымалдауға тыйым салынған нәрселер мен заттарды тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
Тармақша 5
5) Автобустар мен бағыттағы таксилерде жарылғыш заттарды тасымалдағаны және оларды жүк салғыштарға тапсырғаны үшiн үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 477-бабының 4-тармағы, қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгi органдары тарапынан салынады).
Тармақша 6
6) Жүктi алып жүруге қабылдаған тасымалдаушы жүктi қабылдаған сәттен бастап оны жолаушыға бергенге дейiн немесе жолаушы сұрап келмеген жағдайда белгiленген пунктке жүктiң келiп түскен сәтiнен бастап 30 күннiң iшiнде жүктiң сақталуына жауапты болады.
Тармақша 7
7) Жүктердiң жоғалуы, жетiспеуi немесе зақымдалуы тасымалдаушының кiнәсiнен болмағанын немесе оған жол бермеуiн дәлелдей алмаған жағдайларда, тасымалдаушы жауапты болады.
Тармақша 8
8) Тасымалдаушы 30 күннiң iшiнде сұратып алынбаған жүктi сатудан түскен ақшаның алты айдың iшiнде сақталуына жауапты болады.
Тармақ 3
3. Жолаушылар мен жүктердi жүйесiз (чартерлiк)
тасымалдау
Тармақ 1
1. Жүйесiз (чартерлiк) тасымалдауды ұйымдастыру.
Тармақша 1
1) Саяхат және басқа да мекемелердiң, азаматтармен және азаматтардың жеке топтарымен арасындағы келiсiм (сұраныстар) негiзiнде орындалатын жолаушылар тасымалдау, үнемi және бiр реттiк чартерлiк рейстер түрiнде тасымалдаушылармен ұйымдастырылады.
Тармақша 2
2) Ұзақтығы 100 км асатын немесе тұрақты не маусымдық сипаттағы жүйесiз тасымалдау ұйымдастырылатын жағдайда тасымалдаушы бағыттың қауіпті тұстары көрсетiлген жол жүру сызбасын, демалуға, түскi үзiлiске, қоналқыға тоқтайтын жерлерiнiң уақыты көрсетiлген қозғалыс кестесiн түзiп, уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
Тармақша 3
3) Мұндай тасымалдауларды ұйымдастыруға арналған келiсiм (сұраныс) мiндеттi түрде көлiк саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жазбаша түрде дайындалады.
Тармақша 4
4) Автобустардың рейстерiнiң есебiн тiркеу тәртiбi мiндеттi түрде орындалады және де облыс аумағындағы немесе одан жүретiн тек қана келiсiммен, сұраныспен жасалатын және саяхатшылар автобустарының рейстерiне тиiстi.
Тармақша 5
5) Тендер бойынша бөлiнген жүйелi бағыттардың қайталанбауы үшiн, келiсiммен, сұраныспен жасалатын және басқа да жүйесiз автобус рейстерiнiң есебiн мiндеттi тiркеу, мұндай тасымалдауларды ұйымдастыруды бақылау, үйлестiру және есебiн алу мақсатында, көлiк саласындағы уәкiлеттi органда орындалып, есептiк тiркеуден өткенi жөнiндегi куәлiк берiледi.
Тармақша 6
6) Автобустың рейстерiн тiркеуден өткiзгенi жөнiндегi куәлiгi жолаушыларды тасымалдауға, облыс аумағында жүруiне немесе оған кiрiп шығуына және оларды бақылауға негiз беретiн құжат болып табылады.
Тармақша 7
7) Жүйесiз автобус рейстерiн тiркеу және облыс бойынша тiзiмiн қалыптастыру үшiн тасымалдаушы көлiк құрамының техникалық паспортының, заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi куәлiгiнiң көшiрмелерiн, бағыттың сызбасымен қосып уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiш тапсыруға мiндетті.
Тармақша 8
8) Келісіммен, сұраныспен орындалатын және басқа да автобус рейстерінің шарттарына өзгерістер енгізілген жағдайда тасымалдаушы қайта тіркеуден өтуге құжаттарын тапсыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Жүктерді тасымалдау.
Белгіленген талаптар мен тәртіптерді бұзып, жүйесіз автобус бағыттарында жүк тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Тарау 4. 4. Тасымалдаушыларға, жылжымалы құрамдарға
және жүргізушілерге қойылатын
негізгі талаптар
4. Тасымалдаушыларға, жылжымалы құрамдарға
және жүргізушілерге қойылатын
негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Автобус бағыттарына қызмет көрсететін тасымалдаушыларға қойылатын талаптар.
Тармақша 1
1) Жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарына арналған тасымалдаушының өз меншiгiндегi немесе жалға алған өндiрiстiк-техникалық базасы болуы қажет.
Егер де мұндай базасы немесе олардың жекелеген бөлiктерi болмаған жағдайда, тасымалдаушының тиiстi жұмыстарды атқаратын шаруашылық субъектiлерiмен келiсiмi болуы шарт.
Тармақша 2
2) Жолаушылар тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, тасымалдаушы жүргiзушiлердi күнделiктi рейс алдындағы дәрiгерлiк куәландiруден, жүргiзушiлердiң уақтылы дәрiгерлiк тексерулерден және жанған газдардың уыттылығы мен түтеуiн анықтайтын тексерулерiмен қоса автокөлiктердi күнделiктi техникалық байқаудан өткiзудi ұйымдастыруға мiндеттi.
Егерде автотұрақтарда немесе түнемелiк орындарда дәрiгерлiк бекеттер болмаған жағдайда тасымалдаушының мiндеттi түрде мынадай келiсiмi болуы қажет:
шаруашылық субъектiлердiң қалалар мен поселкелердегi дәрiгерлiк бекеттерiмен, дәрiгерлiк мекемелермен;
алыстағы елдi мекендерде жергiлiктi дәрiгерлiк мекемелермен.
Тармақша 3
3) Алкогольдiк, есiрткiлiк немесе токсикомандық масаң күйдегi жүргiзушiнi, сондай-ақ автокөлiк құралын жүргiзуге рұқсаты жоқ тұлғаларды жол желiсiне шығуға рұқсат берген лауазымды тұлғаға он айлық есептiк көрсеткiштен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 475-бабының 1-тармағы, iшкi iстер органдары тарапынан салады). Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл жарақат түсiрген, автокөлiк құралының, жол бойындағы және басқа да ғимараттардың, заттардың бүлiнуiне әкеп соқтырған осындай әрекетi үшiн лауазымды адамдарға елуден жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiшке, ал заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 475-бабының 2-тармағы, iшкi iстер органдары тарапынан салынады).
Тармақша 4
4) Тасымалдаушы салонның күнделiктi ылғалды тазалануын ұйымдастыруға және отыратын орындардың жарамды болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақша 5
5) Тасымалдаушы бағыттарға орталықтандырылған диспетчерлiк сүйемелдеудi жүргiзетiн органмен бағыттарға диспетчерлiк сүйемелдеуге келiсiм түзуге мiндеттi.
Тармақша 6
6) Тасымалдаушы қалааралық (ауданаралық) бағыттардағы өзiнiң жолаушылар тасымалдау қызметiн тек қана билет жүйесi арқылы жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Бағыттарға қызмет көрсететiн жылжымалы құрамдарға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) Бағыттарда жұмыс iстеуге арналған жылжымалы құрамдар, техникалық жарамды, жасаушы-заводтың және Қазақстан Республикасында қолданымдағы стандарт құжаттарының техникалық сипаттамаларына сәйкес болуы қажет.
Тармақша 2
2) Белгiленген жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарының тәртiбiн қамтамасыз етуге, көлiк құралдарының жағдайы мен пайдалануына жауапты лауазымды қызметкерлер, пайдалануға техникалық жарамсыз және басқа да пайдалану тәртiптерiн бұзатын жылжымалы құрамдарды пайдаланғандары үшiн, лауазымды тұлғаға он айлық есептiк көрсеткiшке, ал заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 474-бабының 1-тармағы, iшкi iстер органдарымен салынады). Көлiк құралдарының техникалық жағдайына немесе пайдаланылуына қатысы бар уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұйғарымдарын орындамауына байланысты осындай әрекеттер үшiн - лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке, ал заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 474-бабының 2-тармағы, iшкi iстер органдарымен салынады).
Тармақша 3
3) Автобустар рейс алдындағы техникалық байқаудан (жол парағындағы мiндеттi белгiленуімен) және тексеруден, сондай-ақ тоқсан сайын мерзiмдi мемлекеттiк техникалық байқаудан өтуге тиiстi.
Тармақша 4
4) Жол желiсiне, рейс алдындағы техникалық байқаудан және жүргiзушiлерi дәрiгерлiк тексеруден өткiзiлмеген жылжымалы құрамдардың шығуына рұқсат берген лауазымды тұлғаға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiн, ал заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 474-бабының 1-тармағы, iшкi iстер органдарымен салынады). Уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұйғарымдарын орындамаған осындай әрекеттерi үшiн - лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке, ал заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексiнiң 474-бабының 2-тармағы, iшкi iстер органдарымен салынады).
Тармақша 5
5) Бағыттарға шыққан автобустарда мыналар болуға тиiстi:
апат кезiнде қолданылатын құтқару люктерi және рейс бойында оларға еркiн жету мүмкiндiгi болуы;
таза және отыратын орындары мен арқалықтары жыртылмаған тысқаппен қапталған орнықты бекiтiлген орындықтарының болуы;
салонында жарамды жылыту және желдету жүйесi болуы қажет.
Тармақ 3
3. Жылжымалы құрамның жабдықталуына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) Бағыттарға аттанатын автобустар келесi құралдармен:
пайдалану мерзiмi өтпеген қажеттi дәрi-дәрмектер салынған дәрiгерлiк қобдишамен және дәрiгерлiк құралдармен;
қауіпті жағдайда тоқтағанда қойылатын белгiмен және тоқтатқыш башмактармен;
өртке қарсы құралдармен (кем дегенде екi өртсөндiргiшпен);
артық доңғалақтар мен көтергiшпен (домкрат);
салонда құтқару люктерiнiң, есiктердiң жедел ашылу жолдары жазылған мәлiметтермен, жол-көлiк апаты бола қалған жағдайда салон терезелерiн сындыруға қолданылатын балғамен;
дауыстап хабар беруге арналған құралмен жабдықталуға тиiстi.
Көлiк құралының салонында, жүргiзушiнiң кабинасының жанында келесi мазмұндағы ақпараттық тақтайша болуы қажет:
тасымалдаушының толық аталуы;
тасымалдаушының, тасымалдауға тапсырыс берушiнiң, сондай-ақ жол полициясы органдарының сымтетiктерiнiң нөмiрлерi;
бағыттың жол сызбасының, қозғалыс кестесiнiң және жұмыс тәртiбiнiң көшiрмелерi;
жолақысы және қол жүгi үшiн бекiтiлген баға (қалааралық бағыттарда жолдың қашықтығына байланысты бағалар белдеуi көрсетiлуi тиiс);
төленбеген жолақысы және қол жүгi үшiн салынатын айыппұл көлемi.
Тармақша 2
2) Автобустың алдыңғы және оң жағында (жолаушылар салонындағы есiктiң жанында) бағыттың саны көрсетiлген трафарет орнатылуы қажет. Бағыттың саны қара түспен жазылып (шрифтiң биiктiгi 120 мм. кем емес), тiкбұрышты тақтаға орнатылуы қажет.
Тармақ 4
4. Жүргiзушiлерге қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) Жүргiзушiлерде мiндеттi түрде болуға тиiстi нәрселер:
"Д" категориялы жүргiзушi куәлiгi;
бағыттың жол қозғалысы кестесi;
дәрiгерлiк және техникалық байқаулардан өткендiгi жөнiнде мiндеттi түрде белгi соғылған жол парағы;
бағыттың билеттiк-есеп парағы;
жолаушылар тасымалында 2 жылдан кем емес (қалааралық бағыттағы автобустарда кемi 3 жыл) жұмыс тәжiрибесi болуы;
кезектi дәрiгерлiк тексеруден өткендiгi жөнiндегi анықтама;
Тармақша 2
2) Бағыттарға қызмет көрсетушi жүргiзушiлердiң мiндеттерi:
күнделiктi рейс алдындағы дәрiгерлiк куәландiруден өтуi (жол парағына мiндеттi түрде белгi соғылумен);
жолаушыларды мiнгiзiп, түсiруге тек қана бағыттың аялдама бекеттерiнде тоқтауға;
есiктердi автобус толық тоқтаған соң ашуға;
аялдамадан автобустың есiктерi толық жабылған соң қозғалуға;
автобус, жолаушылардың және жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн техникалық жарамсыз болған жағдайда, автобусты тоқтатып, барлық есiктердi ашуға, ал қажет болған жағдайда жолаушыларға құтқару люктерiн ашуға көмектесiп, жолаушыларды толық түсiруге және де оларды алынған жол жүру құжаттарын пайдалану құқығымен осы бағыттағы келесi автобусқа отырғызуға;
жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда тиiстi қызметтерге оқиғаның сипаты жөнiнде жедел хабар беруге барлық шараларды қолданып, мүмкiндiгiнше жарақат алғандарға бiрiншi дәрiгерлiк көмек көрсетуге және де оларды жақын жердегi елдi мекендердегi жедел жәрдем бекеттерiне жеткiзудi ұйымдастыруға мiндеттi.
Басқа 72
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 25 қыркүйектегi
№ 326 қаулысына № 2 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы автовокзалдарының
(автобекеттерiнiң) қызметiн ұйымдастыру
туралы Уақытша ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Автовокзал - ғимараттар мен құрылыстар кешенiнен тұратын, автобустарды қабылдап, аттандыруға, жолаушыларды отырғызып, түсiруге арналып жабдықталған, жолаушылар мен тасымалдаушыларға көлiктiк-экспедициялық, ақпараттық және қызметтердiң басқа да түрлерiн көрсетуге арналған қалааралық (ауданаралық) бағыттардың аялдамалық пункттерiндегi желiлiк құрылыс.
Тармақ 2
2. Автобекет - автобустарды қабылдап, аттандыруға, жолаушыларды отырғызып, түсiруге арналып жабдықталған, жолаушылар мен тасымалдаушыларға ақпараттық және қызметтердiң басқа да түрлерiн көрсетуге арналған қалааралық (ауданаралық) бағыттардың аялдамалық пункттерiндегi желiлiк құрылыс, бiрақ автовокзалдарға қарағанда айтарлықтай кiшiрек көлемде.
Тармақ 3
3. Автовокзалдарды (автобекеттердi) ұйымдастыру немесе ашу мәселелерi жергiлiктi атқарушы органдардың айрықша құзыретi болып табылады. Қалааралық (ауданаралық) бағыттар үшiн автобекеттi ұйымдастыру туралы шешiм көлiк саласындағы облыстық уәкiлеттi органның келiсiмiнен кейiн әкiмиятпен қабылдануы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Қалааралық (ауданаралық) бағыттарды тиiстi автовокзалға (автобекетке) бекiту көлiк саласындағы облыстық уәкiлеттi органның құзыретi болып табылады.
Тармақ 5
5. Автовокзалдардың (автобекеттердiң) уәкiлеттi органмен және тасымалдаушылармен болатын өзара қатынастарының барлық түрлерi бiрлескен қызметтi қалыптастыру мақсатында, мiндеттi түрде үш жақты шарт жасау арқылы келiсiм негiзiнде құрылуға тиiс.
Тармақ 6
6. Автовокзалдар (автобекеттер) өздерiнiң мiндеттерiн тасымалдаушы мiндеттерiмен бiрге атқаруға жол берiлмейдi.
Тармақ 7
7. Автовокзалдардың (автобекеттердiң) қызметiн реттеу мақсатында, олардың жай-жапсарларын тиiстi талаптарға сәйкестiк нысанасына тура келетiндiгiн куәландыруға жатады, ол үшiн көлiк саласындағы уәкiлеттi органдар автовокзалдың (автобекеттiң) паспортын жасайды.
Тарау 2. 2. Автовокзалдарға (автобекеттерге) қойылатын
талаптар
2. Автовокзалдарға (автобекеттерге) қойылатын
талаптар
Тармақ 1
1. Бағыттардың соңғы пункттерiнiң мiндеттi атрибуттары болып табылатын Автовокзалдар мыналармен жабдықталады:
Тармақша 1
1) жолаушыларды отырғызуға және түсiруге, жүктердi артуға және түсiруге арналған перрондармен;
Тармақша 2
2) жолаушыларға арналған күту залымен;
Тармақша 3
3) билеттердi сатуға арналған кассалармен;
Тармақша 4
4) анықтау бюросымен;
Тармақша 5
5) буфетпен;
Тармақша 6
6) жолаушылар мен қызметшiлерге санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге арналған жаймен;
Тармақша 7
7) ана мен бала бөлмесiмен;
Тармақша 8
8) алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге қажеттi барлық құрал-саймандармен жабдықталған, жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсетуге дайындалған, жүрек-өкпе реанимациясы, иммобилизация, десмургия, инфузионды терапия әдiстерiн бiлетiн және ине шаншудың барлық түрiн меңгерген қажеттi бiлiмдi орта дәрiгерлiк қызметкерлерi бар медициналық көмек пунктiмен;
Тармақша 9
9) телефон байланысымен;
Тармақша 10
10) ақпараттық сағатпен;
Тармақша 11
11) жүк сақтау камерасымен;
Тармақша 12
12) жолаушыларға қызмет көрсететiн және автобустардың қозғалысын ұйымдастыратын қызметшiлерге арналған қызметтiк жайлармен;
Тармақша 13
13) жүргiзушiлер мен кондукторларға арналған демалыс бөлмелерiмен;
Тармақша 14
14) автобустар тұратын алаңмен;
Тармақша 15
15) автобустардың техникалық жағдайын тексеруге арналған бекетпен;
Тармақша 16
16) адамдар мен материалдық құндылықтарды қауiпсiздендiруге, өрттi болдырмауға бағытталған, және де оны сөндiруге арналған өрт қауiпсiздiгi нұсқаулықтарымен жабдықталуы тиiс.
Тармақ 2
2. Сонымен қатар, автовокзалдардың мынадай көзбен шолу (визуальдық) және дыбыстық ақпараттық жағынан қамтамасыз етiлуi қажет:
Тармақша 1
1) автобустардың жүру кестесi және қалааралық автобус бағыттарының схемалары;
Тармақша 2
2) жолаушылардың жол жүруiнiң және жүктердi алып жүру бағасының кестесi;
Тармақша 3
3) билет кассаларының жұмыс режимi және билеттердi алдын ала сату тәртiбi туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) билеттердi кезектен тыс сатып алуға құқығы бар тұлғалардың тiзбесi;
Тармақша 5
5) автовокзал мен автобекет үй-жайларының, сондай-ақ елдi мекеннiң қалай орналасқандығынан жолаушылардың хабардар болуына мүмкiндiк беретiн белгiлер;
Тармақша 6
6) автобусқа отырғызу басталғандығы, автобустардың келгендiгi, автобустардағы орындардың бар-жоғы туралы және басқа да ақпараттарды жолаушыларға хабарлауға арналған дауысты қондырғы.
Тармақ 3
3. Автобекеттер де автовокзалдар сияқты бағыттардың соңғы пункттерiнiң мiндеттi атрибуты болып табылады және мыналармен жабдықталады:
Тармақша 1
1) билет кассасымен;
Тармақша 2
2) жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перронмен;
Тармақша 3
3) күту залымен;
Тармақша 4
4) ақпараттық сағатпен;
Тармақша 5
5) алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге қажеттi барлық құрал-саймандармен жабдықталған, жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсетуге дайындалған, жүрек-өкпе реанимациясы, иммобилизация, десмургия, инфузионды терапия әдiстерiн бiлетiн және ине шаншудың барлық түрiн меңгерген, қажеттi бiлiмдi орта дәрiгерлiк қызметкерлерi бар медициналық кабинетпен;
Тармақша 6
6) жолаушыларға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге арналған жайлармен;
Тармақша 7
7) әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерiне арналған қызметтiк жайлармен жабдықталуы тиiс.
Тармақ 4
4. Сонымен қатар, автобекеттер мынадай көзбен шолу (визуальдық) және дыбыстық ақпараттық жағынан қамтамасыз етiлуi қажет:
Тармақша 1
1) автобустардың жүру кестесi және қалааралық автобус бағыттарының схемалары;
Тармақша 2
2) жолаушылардың жол жүруiнiң және жүктердi алып жүру бағасының кестесi;
Тармақша 3
3) билет кассаларының жұмыс режимi және билеттердi алдын ала сату тәртiбi туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) билеттердi кезектен тыс сатып алуға құқығы бар тұлғалардың тiзбесi;
Тармақша 5
5) автобусқа отырғызу басталғандығы, автобустардың келгендiгi, автобустарға орындардың бар-жоғы жөнiндегi және басқа да ақпараттарды жолаушыларға хабарлауға арналған дауысты қондырғы.
Тармақ 5
5. Қалааралық бағыттардың аялдамалық пункттерiнiң павильондарында осы аялдамалық пункт бойынша қалааралық автобустардың жүру кестесi орнатылады.
Тармақ 6
6. Автовокзалдар (автобекеттер):
- әрекеттегi ережелерге сәйкес, жарамды алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (тиiстi ережеге сәйкес), өртке қарсы қызметтi шақыруға арналған байланыс және өртке қарсы автоматика жүйелерiмен;
- аумағына кiрiп-шығатын кем дегенде екi жолмен;
- жұмыс iстеуге жарамды су, электр және желдету жүйелерiмен жабдықталуы тиiс.
Тармақ 7
7. Автовокзалдар (автобекеттер), облыста немесе қалада қалааралық (ауданаралық) бағыттарға орталықтандырылған диспетчерлiк сүйемелдеудi жүргiзу мақсатында құрылған облыстық немесе қалалық (аудандық) тиiстi уәкiлеттi органдармен осы мақсатқа белгiленген мекемемен бағыттарға диспетчерлiк сүйемелдеу қызметiн бiрiгiп жасауға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Тасымалдаушылар мен жолаушыларға көрсетiлген қызметтен түсетiн табыстардың айқындығын қамтамасыз ету үшiн автовокзалдар (автобекеттер) өз қызметiн тек билет жүйесi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Автовокзалдарға (автобекеттерге) тасымалдаушылардың жылжымалы құрамдарын белгiленген тәртiпте бекiтiлген қозғалыс кестесiнсiз аттандыруға тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Жолаушылардың билетсiз жол жүруiне және оларды алып жүруге автовокзал (автобекет) қызметкерлерiнiң және тасымалдаушылардың ықпал етуi он айлық есептiк көрсеткiшiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салу арқылы жазаланады (Қазақстан Республикасы ӘҚБТК -нiң 479 бабы 4 бөлiмi, айыппұлды қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгiнiң органдары салады).
Тарау 3. 3. Автовокзалдардың (автобекеттердiң)
кiрiс көздерi
3. Автовокзалдардың (автобекеттердiң)
кiрiс көздерi
Автовокзалдардың (автобекеттердiң) кiрiс көздерi тасымалдаушылар мен жолаушыларға көрсетiлген ақылы қызметтер болып табылады, олар мыналар:
- осы автовокзалдан (автобекеттен) аттандырылған тасымалдаушының жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiнiң сатылған билеттерi мен төленген жүгi сомасының 10%-нан асып кетпейтiн мөлшердегi билет сатудан және жүктi алып жүруден түскен қаржы;
- жол билеттерiн алдын ала сатқаны үшiн делдалдық алымдар;
- демалыс бөлмелерiн пайдаланудан түсетiн табыстар;
- жүктi және қол жүгiн сақтау камераларынан түсетiн табыстар;
- түнейтiн жылжымалы құрамның тұрғаны және күзетi үшiн алынатын төлем;
- уставта көрсетiлген қызметi шеңберiндегi, Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңдылықтарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет көрсетулер.
Тарау 4. 4. Бағыттарда жол билеттерiн сату тәртiбi
4. Бағыттарда жол билеттерiн сату тәртiбi
Тармақ 1
1. Тасымалдаушылар барлық автобус және шағын автобустар бағыттарына билеттердi автовокзалдардың, автобекеттердiң билет кассалары арқылы сатады.
Тармақ 2
2. Билеттердi касса арқылы сатуды ұйымдастыру мүмкiн болмаған жерлерде, билеттер жолаушыларды автобусқа тiкелей отырғызатын кезде аялдама пунктiнен, оның жүруiне дейiн бақылаушылар (контролер) немесе жүргiзушiлер арқылы сатылады.
Тармақ 3
3. Жолаушылар үздiксiз жүретiн бастапқы және аралық пункттерде автовокзалдар мен автобекеттер билеттердi алдын ала сатуды ұйымдастыруға құқылы. Алдын ала сату арқылы осы рейстiң автобусына билеттердiң 80 пайызынан артығы сатылуы мүмкiн емес.
Билеттердiң қалған 20 пайызы ағымдағы сату кассасы арқылы сатылады.
Тармақ 4
4. Тапсырыс берiлген билеттер алдын ала сату кассасында сақталады және автобустың жүру уақытынан 12 сағат бұрын сатылуы тиiс. Сатылмаған билеттер сатылуы үшiн ағымдағы сату кассаларына өткiзiледi.
Тармақ 5
5. Билеттердi алдын ала сатқаны үшiн жолаушыдан, соның iшiнде жеңiлдiкпен жол жүруге құқығы бар тұлғадан да тарифтерде белгiленген мөлшерде делдалдық алымдар алынады.
Тармақ 6
6. Билеттердi сату уәкiлеттiгi берiлмеген тасымалдаушыларға, ұйымдарға және тұлғаларға билеттердi сатуға тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Автобуста отыратын орын санынан артық билеттердi сатуға және жолаушыларды алып жүруге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Қалааралық қатынаста жол жүру билетi баспа түрiнде ресiмделiп, онда мынадай ақпараттар болуы тиiс:
Тармақша 1
1) билеттi сатқан автобекеттiң атауы;
Тармақша 2
2) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
Тармақша 3
3) аттанған және белгiленген пункттер;
Тармақша 4
4) төленген жол ақысы;
Тармақша 5
5) билеттi берген күнi;
Тармақша 6
6) белгiленген пункттерден автобустың жүру күнi мен уақыты;
Тармақша 7
7) автобустың (шағын автобустың) нөмiрi;
Тармақша 8
8) автобустағы жолаушы орнының нөмiрi.
Тарау 5. 5. Жол билеттерiн сатудан түскен қаржыны
автовокзал (автобекет) мен тасымалдаушы
арасында бөлу әдiсi
5. Жол билеттерiн сатудан түскен қаржыны
автовокзал (автобекет) мен тасымалдаушы
арасында бөлу әдiсi
Жол билеттерiн сатудан түскен қаржыны бөлу автовокзалдың (автобекеттiң) пайыздық қойылымдар ескерiлген автовокзал мен тасымалдаушы арасында жасалынған шарттар негiзiнде, сондай-ақ жол билеттерiн сатудан түскен қаржыны бөлу әдiсiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Бағыттарда жол жүру ақысын
төлеу тәртiбi
6. Бағыттарда жол жүру ақысын
төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Барлық бағыттарда жолаушылардың жол жүруi және жүктi алып жүру тарифтерi, тендер қорытындысы бойынша түзiлген келiсiм-шартқа сәйкес белгiленедi.
Тармақ 2
2. Жолаушылар жол билеттерiн автовокзалдардың, автобекеттердiң кассаларынан, бақылаушылардан (контролер) немесе жүргiзушiлерден кезекке тұрып сатып алады.
Билеттердi кезектен тыс сатып алу құқығы ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне берiледi. Мектепке дейiнгi жастағы балалары бар жолаушылар және жүктi әйелдер билеттердi ана мен бала бөлмесi арқылы, ал ондай бөлме болмаған жағдайда жалпы кассадан, кезектен тыс сатып алады.
Қалааралық бағыттардың кассалары жоқ аялдамалық пункттерiнде осы тармақта көрсетiлген барлық тұлғалар автобусқа кезектен тыс отыру және билеттi кезектен тыс сатып алу құқығын пайдаланады.
Тармақ 3
3. Егер билеттi жолаушы жол жүрiп бара жатып сатып алса, онда жүргiзушi билетте осы жолаушының бастапқы және соңғы баратын пункттерiн, төленген жол ақысын және орнының нөмерiн қоюға, сондай-ақ билеттердi есепке алу парағына тиiстi жазуды енгiзуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Билеттердi сатуға уәкiлеттi емес тасымалдаушылардан, ұйымдардан және тұлғалардан билеттердi сатып алуға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Қалааралық (ауданаралық) бағыттағы автобуста жолаушылардың билетсiз жүруiне және оларды билетсiз тасымалдағанға бiр айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр мөлшерiнде (Қазақстан Республикасы ӘҚБТК -нiң 479 бабының 2 бөлiмi, айыппұлды қалалық және қалааралық жолаушылар автомобиль көлiгiнiң органдары салады) айыппұл салынады.
Тарау 7. 7. Билет кассаларының жұмысы
7. Билет кассаларының жұмысы
Тармақ 1
1. Автовокзалдардың және автобекеттердiң әкiмшiлiгi билет кассаларының жұмысын, жол билеттерiн жолаушыларды тез сатып алуын қамтамасыз ететiндей және осы бағытқа жолаушылар болған жағдайда қалааралық бағыттағы автобустарды бос орындармен кетiп қалмайтындай етiп ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Автовокзалдардың және автобекеттердiң әкiмшiлiгi билеттердi сатудан түскен қаржының олардың қызмет көрсетулерiн пайдаланатын тасымалдаушылар арасында дұрыс бөлiнуiне жауапты болады.
Тармақ 3
3. Билеттердi сату:
Тармақша 1
1) қалааралық бағыттардың бастапқы пункттерiнде автобустың жүретiн күнi жүргiзiледi. Кассаларда билеттердi сату автобустың жүруiнен 5 минут бұрын тоқтатылады;
Тармақша 2
2) билеттердi алдын ала сату кассаларында автобустың аттануына дейiнгi 7 тәулiк бойына жүргiзiледi. Билеттердi алдын ала сату автобустың жүруiнен бiр тәулiк бұрын аяқталады.
Тармақ 4
4. Сатылған билеттердiң саны осы рейстi орындайтын жүргiзушiге берiлетiн аталмыш рейстiң билеттердi есепке алу парағында көрсетiледi.
Сатылмаған отыратын орындарды жүргiзушi (бақылаушы) жол жүрiп бара жатып сатады.
Тарау 8. 8. Жол жүру шарттары
8. Жол жүру шарттары
Тармақ 1
1. Қалааралық бағыттағы билеттер тек, оларда көрсетiлген нөмiрдегi автобусқа (шағын автобусқа), бағытқа, күнге және отыратын орынға ғана жарайды.
Қолдарында билеттерi жоқ жолаушыларға автобуста (шағын автобуста) жол жүруге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 2
2. Жолаушы қалааралық бағыттағы автобустарда (шағын автобустарда) жол жүрген кезде билеттi бүкiл жол бойы сақтауға және бақылау жүргiзетiн тұлғалардың бiрiншi талабы бойынша көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Кезекшi отырғызушы отырғызу сәтiнде автобустың (шағын автобустың) жүргiзушiсiмен бiрлесiп жолаушылардың билеттерiнiң бар-жоғын тексередi. Кезекшi отырғызушысы жоқ пункттерде билеттердi тексерудi жүргiзушi немесе бақылаушы (контролер) жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Қалааралық бағыттардағы автобустарда (шағын автобустарда) тасымалдаушылар жолаушыларға сатып алған жол билеттерiне сәйкес орынға отырғызуға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Автовокзалдың, автобекеттiң кассасынан алдын ала сатып алынған билеттi автобустың жүруiне 4 сағаттан кем уақытта қайтарған жағдайда, жолаушыға билет құнының 25% және билеттiң алдын ала сатылғаны үшiн алынатын алым ұсталынып, жол ақының қалған бөлiгi қайтарылады.
Тармақ 6
6. Жолаушы билеттi автобустың (шағын автобустың) жүруiне дейiн кассаға тапсырып, жол ақысының толық құнын және билеттi алдын ала сатқаны үшiн төлеген алымын қайтарып алуға мынадай жағдайларда құқылы:
Тармақша 1
1) автобустың (шағын автобустың) кестеде көрсетiлген уақытынан бiр сағаттан астам уақыт кешiгiп жүргенде;
Тармақша 2
2) билетте көрсетiлген орын берiлмегенде.
Тармақ 7
7. Тасымалдаушыға байланысты емес жолдағы ауа-райының немесе басқа да себептермен белгiленген пунктке дейiн жолаушыны жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, жолаушыға рейстiң тоқтатылған уақытысынан бастап 8 сағаттың iшiнде тоқтап қалған пунктiнен белгiленген жерге дейiнгi жол ақысы қайтарылады.
Автобус (шағын автобус) бастапқы пунктке қайтарылған жағдайда, жолаушыға жол ақысының және жүктi алып жүрудiң толық құны қайтарылады.
Тармақ 8
8. Егер жолаушы жол жүрiп бара жатып, өзi отырған автобустан (шағын автобустан) өз кiнәсiнен қалып кетсе, келесi рейске билет қайта ресiмделмейдi және жүрiп өтпеген аралықтың ақшасы қайтарылмайды.
Тармақ 9
9. Жолаушы автобустың (шағын автобустың) жүретiн уақытысында келмеген жағдайда, автовокзал (автобекет) бойынша кезекшi, бақылаушы (контролер) немесе жүргiзушi билеттердi сату тiзiмiндегi оның мәлiметтерiн өшiрiп тастайды. Бос орын автобусқа отырғызу кезiнде немесе жол бойы басқа жолаушыға сатылуы мүмкiн.
Тармақ 10
10. Тасымалдаушылар жолаушылардың жеке топтарын тасымалдау үшiн алдын ала тапсырыс бойынша билеттердi сата алады.
Тармақ 11
11. Техникалық себептерге байланысты бағыт бойынша автобустың (шағын автобустың) жол жүруi мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер осы бағыттағы басқа автобуста (шағын автобуста) жүруге жарайды. Тасымалдаушы осы бағытта жүретiн басқа автобусқа (шағын автобусқа) жолаушыларды отырғызу үшiн барлық мүмкiндiктердi қарастыруға мiндеттi.
Тарау 9. 9. Жүктi сақтау
9. Жүктi сақтау
Тармақ 1
1. Жолаушылардың жүктерiн уақытша сақтау, олардың жол құжаттарының бар-жоқтығына қарамастан, автовокзалдардың жүктердi қабылдайтын және қолданыстағы тарифтер бойынша сақтағаны үшiн ақысы төленетiн сақтау камераларында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сақтау камераларының жұмыс уақыты автобустардың жүру кестесiне және жергiлiктi жағдайларға байланысты белгiленедi. Сақтау камераларының жұмыс уақыты мен тәртiбi туралы хабарландырулар жолаушылардың назарына iлiнетiн жерде болуы қажет.
Тармақ 3
3. Сақтау камерасы сақтауға өткiзiлген тез бұзылатын өнiмдердiң табиғи бұзылғанына жауап бермейдi.
Тармақ 4
4. Басқа заттарды ластайтын немесе бұзатын, сондай-ақ өрт қауiптi, жарылғыш, улы және сасық заттарды сақтауға тапсыруға және қабылдауға тыйым салынады.