Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на установление мемориальных досок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на установление мемориальных досок»
- Атауы (қаз.)
- «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/491
- Қабылданған күні
- 13.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2020 134323_482560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19R0001581
- ЭКБ идентификаторы
- 134323
- Редакция идентификаторы
- 134323_482560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:49
0 «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2
2. «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті
Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ___________
№ ___ қаулысымен бекітілген
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №146 «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» комуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда №12405 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №356 бұйрығымен бекітілген мемориалдық тақталарды орнату қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 2-қосымшасына сәйкес мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру, не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілінің) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) кеңсе маманының құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруді жүзеге асыруы – 15 (он бес) минут;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтауы – 15 (он бес) минут;
3 3) жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделеу.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының материалдарын Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссияға қарау үшін жолдауы – 5 (бес) күнтізбелік күн;
5 5) Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия отырысында ұсынылған материалдарды қарау – 10 (он) күнтізбелік күн;
6 6) жауапты орындаушының Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемориалдық тақта орнатуға рұқсатты ресімдеуі – 5 (бес) күнтізбелік күн;
7 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемориалдық тақта орнатуға рұқсатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы – 2 (екі) күнтізбелік күн;
8 8) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 5 (бес) күнтізбелік күн.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға енгізу;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
4 4) Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссияға материалдарды жіберу;
5 5) комиссия отырысы;
6 6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеу.
7 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы;
8 8) мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4 4) құжаттарды қарау жөніндегі комиссия.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1 1) кеңсе маманының құжаттарды қабылдауы, оларды тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруді жүзеге асыруы – 15 (он бес) минут;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтауы – 15 (он бес) минут;
3 3) жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделеу.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссияға қарау үшін жолдауы – 5 (бес) күнтізбелік күн;
5 5) комиссия отырысы – 10 (он) күнтізбелік күн;
6 6) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемориалдық тақта орнатуға рұқсатты ресімдеу – 5 (бес) күнтізбелік күн;
7 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы – 2 (екі) күнтізбелік күн;
8 8) мемлекеттік қызмет нәтижесін беру – 5 (бес) күнтізбелік күн.
4 4-тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
0 «Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Мемориалдық тақталарды орнатуға
рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентіне
қосымша
«Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Шартты белгілер: