Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 165 · қабылданған 26.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134337/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 165 ·26.08.2019
23.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 165 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет,спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165
Қабылданған күні
26.08.2019
Көрсетілген редакция
23.10.2023 134337_661379.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SL005549
ЭКБ идентификаторы
134337
Редакция идентификаторы
134337_661379
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:42

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 25 шілдедегі № 165 (2016 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3887 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 26 тамыздағы
№ 165 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

4 4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

5 5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

6 6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

7 7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның кітапхана меңгерушісі;

4 4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

5 5) библиограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

6 6) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

7 7) режиссер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

8 8) редактор (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;

9 9) аккомпаниатр - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

10 10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

11 11) хореограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

12 12) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

Қолданыстағы