Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств местного бюджета

Қаулы · № 36/01 · қабылданған 28.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134349/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств местного бюджета Күшін жойған Қаулы ·№ 36/01 ·28.08.2019
15.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств местного бюджета

Күшін жойған Қаулы ·№ 36/01 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств местного бюджета
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36/01
Қабылданған күні
28.08.2019
Көрсетілген редакция
15.04.2021 134349_518826.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KI005445
ЭКБ идентификаторы
134349
Редакция идентификаторы
134349_518826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:41

0

Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

Абай ауданы әкімдігінің
___________ № _____
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі кеңесші, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарт адамдар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1

1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары, филиалдың, бөлімнің, бөлімшенің, орталықтың, лагерьдің, кабинеттің, пункттің, клубтің, кітапхананың, кәсіби практиканың, шеберхананың, оқу-өндірістік шеберхананың, спорттық құрылымның (кешеннің), бассейннің, сектордың, зертхананың, комбинаттың, жатақхананың, интернаттың меңгерушісі, басшысы;

2

2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: дәрігерлер мен мұғалімдердің барлық мамандықтары, архивариус, медициналық бике, фельдшер, кітапханашы, тәрбиеші, тәлімгер, барлық инженерлердің мамандықтары, барлық техниктердің атауы, жаттықтырушы, нұсқаушы: дене шынықтыру бойынша, еңбек бойынша, жүзу бойынша, әдіскер, оқытушы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, хореограф, сүйемелдеуші, инспектор: кадр, кадр мәселелері бойынша, арнайы жұмыс бойынша, паспортшы, комендант, зертханашы, әдіскер, механик, шебер, бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, аспазшы, спорт бойынша жаттықтырушы-мұғалім, өндірістік оқу бойынша шебер, музыкалық жетекші, логопед, статистик, музыкалық аспаптарды жөндеуші-келтіруші, оператор, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша маман.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

әкімші, сүйемелдеуші, архивист, археограф, барлық атаулардың әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бас қор сақтаушысы, дирижер, басшының орынбасары, басшы, бөлімнің, сектордың, филиалдың меңгерушісі, сектор басшысы, дыбыс операторы, дыбыс режиссері, барлық инженер атауларының мамандары, нұсқаушы, инспектор, өнертанушы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушысы, билеттерді тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, музей қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы, редактор, режиссер, бас ғылыми қызметкер, барлық атаулардың техниктері, хореограф, хормейстер, барлық атаулардың суретшілері, көркемдік жетекші, қор сақтаушысы, экскурския жетекшісі.

4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:

мамандар, оның ішінде: жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-әдіскер, спорт бойынша нұсқаушы-спортшы.

Қолданыстағы