О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1148
- Қабылданған күні
- 29.10.2002
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI13435_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001148_
- ЭКБ идентификаторы
- 13435
- Редакция идентификаторы
- AI13435_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:45
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
29 қазандағы
N 1148 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 желтоқсандағы N 1502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 51, 490-құжат):
1-тармақтың екінші абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.
4 4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына берілетін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75, 76, 77, 78, 79, 80-жолдармен толықтырылсын:
"75. Қазақ балық шаруашылығы Алматы қаласы
ғылыми-зерттеу институты
76. Қазақ орман шаруашылығы Ақмола облысы,
және агроорман мелиорациясы Щучинск қаласы
ғылыми-зерттеу институты
филиалдарымен
77. Алматы орман тәжірибе Алматы қаласы
станциясы
78. Алтай орман тәжірибе Шығыс Қазақстан
станциясы облысы,
Риддер қаласы
79. Кондратов тәжірибе-үлгілік Солтүстік Қазақстан
орман питомнигі облысы,
Мамлют ауданы
80. Ө.Ө.Оспанов атындағы Ақмола облысы,
Топырақтану институты" Шортанды ауданы,
"Научный" кенті".