Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № ҚР ДСМ-120 · қабылданған 29.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134377/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған 07.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № ҚР ДСМ-120 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-120
Қабылданған күні
29.08.2019
Көрсетілген редакция
07.04.2023 134377_624890.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019317
ЭКБ идентификаторы
134377
Редакция идентификаторы
134377_624890
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:40
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) және 98) тармақшаларына сәйкес және Қарағанды облысы үшін пилоттық жобада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды апробациялау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (27725) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру Стандартында:
4-7-тараулар алып тасталсын;

2

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ережесі, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы ______
№ ҚР ДСМ_____бұйрығына
қосымша
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ережесі, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары