Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 10 · қабылданған 27.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134390/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 ·27.08.2019
05.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
27.08.2019
Көрсетілген редакция
05.12.2019 134390_431242.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CJB06375
ЭКБ идентификаторы
134390
Редакция идентификаторы
134390_431242
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:42

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2019 жылғы 01 тамыздағы № 2-14-17/172 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Алтықарасу ауылдық округінде орналасқан «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы