Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қаулы · № 319 · қабылданған 03.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134430/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Қолданыста Қаулы ·№ 319 ·03.09.2019
31.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 319 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
319
Қабылданған күні
03.09.2019
Көрсетілген редакция
31.10.2023 134430_662292.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ME003984
ЭКБ идентификаторы
134430
Редакция идентификаторы
134430_662292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:37

0 Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  31 бабының 1 тармағының  2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.

2

2. «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану қағидасын бекіту туралы» Маңғыстау ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы  №332  қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2547 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қаңтардағы «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бөлім басшысы Б.Әбуовқа.) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары

Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «03» қыркүйектегі
№319 қаулысымен
бекітілген
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Тұлға өзінің бағуындағы қараусыз қалған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидалармен айқындалған тәртіпте пайдаланылады.

2 2-тарау. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі

3

3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), «Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.

3 3-тарау. Қараусыз қалған жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру

4

4. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

5 5. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін қараусыз қалған жануарлар аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тиісті әкімдердің аппараттарының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

4 4-тарау. Қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану

6 6. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:

1 1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;

2 2) аукцион арқылы сату;

3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға өтеусіз беру.

7 7. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану тәсілі әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссиямен (бұдан әрі–комиссия) шешіледі. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

5 5-тарау. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

8

8. Қараусыз қалған жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару туралы өтініш түскенге дейін сатылған немесе басқа меншік иесіне өтеусіз берілген жағдайда, оларды сатудан түскен түсім немесе олардың құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл кезде қараусыз қалған жануарларды бағумен байланысты шығынның көлемі шегеріледі.

9 9. Қараусыз қалған жануарларды қайтару немесе олардың құнын өтеу бұрынғы меншік иесімен және экономика және қаржы бөлімімен арада жасалатын шартпен рәсімделеді.

6 6-тарау. Қорытынды ережелер

10 10. Қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте толығымен жергілікті бюджет кірісіне есептеледі.

11 11. Қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру бойынша шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы