Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Абайскому району

Қаулы · № 129 · қабылданған 29.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134474/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Абайскому району Қолданыста Қаулы ·№ 129 ·29.08.2019
02.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Абайскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 129 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Абайскому району
Атауы (қаз.)
Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129
Қабылданған күні
29.08.2019
Көрсетілген редакция
02.02.2023 134474_619997.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VE006138
ЭКБ идентификаторы
134474
Редакция идентификаторы
134474_619997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:38

0 Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын

орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының  6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3

3. «Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 33 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4416 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 3 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Маратұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

Абай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ____________
№___ қаулысына қосымша
Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар тізбесі

р/с
Елді-мекен
атауы
Үгіттік баспа материалдарын
орналастыратын орындар
1
Қарауыл ауылдық округі
«Абай» алаңы, «Айсұлу» дүкені ғимаратының алдындағы қалқан, Мұхаметқанов көшесі 30.
«Балдәурен» ясли бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы қалқан, Шәкәрім көшесі 32.
«Аудандық орталық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы қалқан, Көкбай көшесі 1.
2
Кеңгірбай би ауылдық округі
Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Сүндетбай көшесі 22 А.
«Сәт» дүкені ғимаратының жанындағы қалқан, Абай көшесі 15/2.
3
Көкбай ауылдық округі
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы қалқан, Шәкәрім көшесі 3.
Балалар ойыны аланының жанындағы қалқан, Шәкәрім көшесі 42 Б.
4
Құндызды ауылдық округі
Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Актамберді көшесі 5.
«Жастар саябағы» жанындағы қалқан, Ш.Әбенов көшесі 18.
5
Архат ауылдық округі
Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, З.Белібаев көшесі 2.
Балалар алаңы жанындағы қалқан, З.Белібаев көшесі 12 А.
6
Архат ауылдық округі
Орда елді мекені, «Мамай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы қалқан, Қ.Мырзабекова көшесі 44.
7
Қасқабұлақ ауылдық округі
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы қалқан, М.Әуезов көшесі 1.
Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының жанындағы қалқан, М.Әуезов көшесі 5/2.
8
Саржал ауылдық округі
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы қалқан, Қ.Қайырханов көшесі 13.
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы қалқан, Ы.Матаев көшесі 13.
9
Тоқтамыс ауылдық округі
Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Абай көшесі 10.
Медициналық пункті ғимаратының жанындағы қалқан, Ш.Әзімбаев көшесі 14.
10
Медеу ауылдық округі
Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы қалқан, Тұрағұл Абайұлы көшесі 14.
«Жастар саябағы» жанындағы қалқан, Е.Әділбаев көшесі 15.

Қолданыстағы