О предоставлении кандидатам на договорной основе помещения для встреч с избирателями по Абайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении кандидатам на договорной основе помещения для встреч с избирателями по Абайскому району
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 29.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2023 134477_659196.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VE006136
- ЭКБ идентификаторы
- 134477
- Редакция идентификаторы
- 134477_659196
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:40
0 Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. «Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде үй-жай беру туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 4 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Маратұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй–жайлардың тізбесі
Абай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__» _____________ №___ қаулысына қосымша
Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін берілетін үй–жайлардың тізбесі
№
р/с
Елді-мекен атауы
Кандидаттармен кездесу
өткізу орны
1
Қарауыл
ауылдық округі
«Абай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты
2
Кеңгірбай би
ауылдық округі
ауылдық клубтың ғимараты
3
Көкбай
ауылдық округі
«Көкбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
4
Құндызды
ауылдық округі
«Ш.Әбенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
5
Архат
ауылдық округі
ауылдық клубтың ғимараты
6
Орда
елді мекені
«Мамай атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
7
Қасқабұлақ
ауылдық округі
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
8
Саржал
ауылдық округі
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
9
Тоқтамыс
ауылдық округі
ауылдық клубтың ғимараты
10
Медеу
ауылдық округі
ауылдық клубтың ғимараты