О нормах расходования продуктов питания для плавающего состава судов республиканских казенных государственных предприятий и учреждений водного транспорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О нормах расходования продуктов питания для плавающего состава судов республиканских казенных государственных предприятий и учреждений водного транспорта
- Атауы (қаз.)
- Республикалық қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар мен су көлігі мекемелерінің кемелеріндегі жүзу құрамы үшін азық-түлік шығынының нормалары туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 10.03.1998
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2012 AI1345_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V980000559_
- ЭКБ идентификаторы
- 1345
- Редакция идентификаторы
- AI1345_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:47
0 Республикалық қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар мен су көлігі мекемелерінің кемелеріндегі жүзу құрамы үшін азық-түлік шығынының нормалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 29.10.2012 № 723 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Республикалық қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар мен су көлігі мекемелері кемелеріндегі жүзу құрамының ұжымдық тамақтануын ұйымдастыруды бұдан әрі жетілдіру, осы мақсаттар үшін бюджеттен бөлінетін қаржыны дұрыс жұмсалуын бақылауды күшейту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы тағам институтымен көлік техникалық флот экипаждарының мүшелері үшін әзірленген Энергия, тағам заттары және азық жинағының уақытша нормасы N 1 қосымшаға сәйкес күшіне енгізілсін.
2
2. "Өзен" көлігі кәсіпорындарының жұмыстары мен қызмет көрсетулерін өзіндік құнын жоспарлау, есептеу және калькуляциялау жөніндегі әдістемелік кепілдемелер" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен 1994 жылғы 14 шілдеде бекітілген 2.2. тармағына сәйкес қызметтік іссапарларға белгіленген тәуліктік төлемнің 60 процентінен аспайтын нормаларға сәйкес көлік және техникалық флот кемелері экипаждарының мүшелеріне тегін тамақ рационының құны белгіленсін.
3 3. "Жалпы пайдаланымдағы өзен көлігінің порттық және қызметтік-қосалқы кемелерінің жүзу құрамы үшін тегін ұжымдық азық құны туралы" Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Өзен флотының бас басқармасы бастығының 1986 жылғы 21 қазандағы N 324 бұйрығы күшін жойды деп есептелсін.
4 1998 жылғы 10 наурыздағы
N 54 бұйрыққа N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым Академиясы тағам
институтымен көлік және техникалық
флот экипаждарының мүшелері үшін
тәулігіне бір адамға әзірленген Энергия,
тағам заттары және азық жинағының
уақытша нормасы
_________________________________________________________________________
| Тағамның аты | Тәулігіне бір адамға |
| | (граммен) |
|____________________________________________|____________________________|
| Қара нан | 150 |
| Бидай нан | 250 |
| Тәтті нан | 50 |
| Бидай ұны | 10 |
| Картоп крахмалы | 5 |
| Әртүрлі дақылдар | 30 |
| Бобалық | 10 |
| Макарон бұйымдары | 25 |
| Шошқа майы | 10 |
| Ас маргарині | 10 |
| Қант және кондитерлік бұйымдар | 75 |
| Қара шай | 2 |
| Майда кофе | 3 |
| какао (майда) | 2 |
| Картоп | 300 |
| Көкөністер, барлығы | 345 |
| соның ішінде пияз | 30 |
| әртүрлі көкөніс | 60 |
| жас помидор | 30 |
| жас қияр | 30 |
| жас капуста | 60 |
| қызыл сәбіз | 30 |
| қызылша | 30 |
| сарымсақ | 5 |
| томат пастасы | 15 |
| әртүрлі тұздықтар | 55 |
| шемішке май | 20 |
| Сары май (шаруа) | 20 |
| Тұтас сүт | 200 |
| Қаймақ (майлығы 20 %) | 25 |
| Сүзбе (9%) | 20 |
| Сыр | 20 |
| Жұмыртқа (дана) | 1/2 |
| Ет (әртүрлі) | 180 |
| Колбаса бұйымдары | 20 |
| Ет консервілері | 10 |
| Балық (жас, мұздатылған) | 30 |
| Сельд (майлылығы орташа) | 10 |
| Балық консервісі | 10 |
| Теңіз өнімі - капуста | 10 |
| Кепкен жемістер | 15 |
| Жемістер (әртүрлі) | 200 |
| Шырындар (әртүрлі) | 100 |
| Лимондар | 10 |
| Ас тұзы | 8 |
| Специя мен қоспалар | 4 |
| Жас ашытқыш | 3 |
| Майонез бен басқа соустар | 5 |
| | |
|_________________________________________________________________________|