Құжат мәтініне өту

О контрольных талонах к специальным разрешениям

Бұйрық · № 73-п · қабылданған 10.09.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13460/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О контрольных талонах к специальным разрешениям Күшін жойған Бұйрық ·№ 73-п ·10.09.2002
26.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О контрольных талонах к специальным разрешениям

Күшін жойған Бұйрық ·№ 73-п · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О контрольных талонах к специальным разрешениям
Атауы (қаз.)
Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73-п
Қабылданған күні
10.09.2002
Көрсетілген редакция
26.07.2013 AI13460_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020002006_
ЭКБ идентификаторы
13460
Редакция идентификаторы
AI13460_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:50

0 Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.
Арнайы рұқсаттар мен олардың түбiршектерiнде көрсетiлген iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомаларының сәйкес келмеуiнiң орын алған жағдайларының алдын алу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Арнайы рұқсаттарға нөмiрлерi бойынша сәйкес келетiн бақылау талондары Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттардың ажырамас бөлiгi болып саналсын.

2 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттарға бақылау талондарының бланкiлерiн толтыру және беру тәртiбi бекiтiлсiн.

3 3. "Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы" Көлiктiк бақылау комитетiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N№56-п бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.

4 4. Автомобиль көлiгiнде және автожолдарда бақылау басқармасы (Қ.Н.Омаров) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары М.Х.Бектеповке жүктелсiн.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап қолданысқа енедi, таныстыру мен таратуға жатады.

7 Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсаттарға бақылау талондарының бланкілерін толтыру және беру тәртібі

Көліктік бақылау комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 73-п бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсаттарға бақылау талондарының бланкілерін толтыру және беру тәртібі
Арнайы рұқсатқа және арнайы рұқсаттың түбіршегіне бақылау талоны, нөмірі бойынша сәйкес келетін арнайы рұқсаттың және арнайы рұқсаттың түбіршегінің ажырамас және міндетті бөлігі болып табылады.
Бақылау талондары біркелкі сиямен толтырылады, не компьютерде басылады және Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсат беруге құзыреті бар аумақтық көліктік бақылау басқармаларының лауазымды тұлғалары береді.
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдар сомасы графасында нөмірі бойынша сәйкес келетін арнайы рұқсаттың алымдар сомасына іспеттес сома көрсетіледі.
Арнайы рұқсатты алдым графасында арнайы рұқсатты алған тасымалдаушының фамилиясы, аты, тегі көрсетіледі және оның қолы қойылады.
Цифрлы кесте бойынша Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдардың аталған сомасы қиылып алынады, бұл ретте, қиылған сомаларда қателерді жіберуге болмайды.
Арнайы рұқсатқа бақылау талонының жоғарғы бөлігі, алымдардың қиылған сомасымен қоса, тасымалдаушыға арнайы рұқсатпен бірге беріледі, ал алымдар сомасының қалдық көрсеткіштері бар төменгі бөлігі арнайы рұқсаттың түбіршегімен бірге, басқарманың бухгалтериясына тапсырылады.
Арнайы рұқсатқа және арнайы рұқсаттың түбіршегіне бақылау талонының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдар сомасын толтыру және қиюдың мысалы қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша         N________
ірі көлемді және ауыр салмақты                    АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
көлік құралдарының қозғалуына                     БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруі үшін алынатын алым сомасы
жиырма алты мың алты жүз жетпіс теңге.
--------------------------------------                                       (жазбаша)
_________________________________________________________________
Ескерту: Осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалуына арнайы рұқсаттың міндетті қосымшасы болып табылады
Тең­ге
_______________________________________________________________­_­__
                       10000    1000     100     10
                       20000    2000     200     20
                       ________ 3000     300     30
Жо­ғар­ғы жа­ғы та­сы­мал­да­у­шы­ға     4000     400     40
ар­найы рұқ­сат­пен бір­ге          5000     500     50
        бе­рі­ле­ді                6000     600     60
                                _______________  70
                                                 ___
_______________________________________________________________­__

    1000000     100000               Тө­мен­гі жа­ғы ар­найы      1
  2000000     200000              рұқ­сат­тың тү­бір­те­гі­мен    2
  3000000     300000     30000      бір­ге тап­сы­ры­ла­ды       3
  4000000     400000     40000                              4
  5000000     500000     50000                              5
  6000000     600000     60000 ________________             6
  7000000     700000     70000    7000    700   _________   7
  8000000     800000     80000    8000    800     80        8
  9000000     900000     90000    9000    900     90        9
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша         N________
ірі көлемді және ауыр салмақты                    АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
көлік құралдарының қозғалуына                     ТҮБІРТЕГІНЕ
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруі үшін алынатын алым сомасы

жиырма алты мың алты жүз жетпіс теңге.
--------------------------------------
(жазбаша)
_________________________________________________________________
Арнайы рұқсатты алдым:___________________________________________
(күні, тасымалдаушының тегі, аты-жөні)
Ескерту: Осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалуына арнайы рұқсаттың түбіртегіне міндетті қосымша болып табылады

Қолданыстағы