Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 374 · қабылданған 19.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134708/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 374 ·19.08.2019
15.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 374 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
374
Қабылданған күні
19.08.2019
Көрсетілген редакция
15.04.2020 134708_455794.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UI005175
ЭКБ идентификаторы
134708
Редакция идентификаторы
134708_455794
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:46

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Түркістан облысы Әділет департаментінің 2019 жылғы 12 маусымдағы №4-25-11/909 хатына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы №188 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5073 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Отырар ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 19 тамыздағы
№374 қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынын, ұйымының, мекеменің атауы
Тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
1
Отырар ауданы білім бөлімінің «Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
229
3
2
Отырар ауданы білім бөлімінің «Темір жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
149
3
3
Отырар ауданы білім бөлімінің «П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
2
4
Отырар ауданы білім бөлімінің «Отырар жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
95
2
5
«Ш.Калдаяков атындағы мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
196
3

Қолданыстағы