Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения общегосударственных статистических наблюдений и обеспечения государственных органов статистической и аналитической информацией

Қаулы · № 1164 · қабылданған 02.11.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13471/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения общегосударственных статистических наблюдений и обеспечения государственных органов статистической и аналитической информацией Күшін жойған Қаулы ·№ 1164 ·02.11.2002
18.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения общегосударственных статистических наблюдений и обеспечения государственных органов статистической и аналитической информацией

Күшін жойған Қаулы ·№ 1164 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения общегосударственных статистических наблюдений и обеспечения государственных органов статистической и аналитической информацией
Атауы (қаз.)
Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету тәртiбiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1164
Қабылданған күні
02.11.2002
Көрсетілген редакция
18.06.2010 AI13471_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001164_
ЭКБ идентификаторы
13471
Редакция идентификаторы
AI13471_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:44

0 Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету тәртiбiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 617 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
"Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету тәртiбi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету тәртiбi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 2 қарашадағы
N 1164 қаулысымен
бекітілген
Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуi және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен, осы ақпаратты пайдаланушылар үшiн құпия болып табылмайтын, бұл ретте пайдаланылатын нысандар мен құралдарға қарамастан қамтамасыз етудi тәртiбiн анықтайды.
2. Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу

2 2. Жалпымемлекеттік статистикалық есептiлiк пен уәкiлетті орган жүргiзетiн арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар болып табылады.

3 3. Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу өзiне статистикалық байқаулар бағдарламасын, жалпымемлекеттiк статистикалық есептiлiк нысандарының тiзбесiн әзiрлеудi, Статистикалық жұмыстар жоспарын бекiтудi, статистикалық деректердi жинауды және өңдеудi қамтиды.

4

4. Статистикалық байқау бағдарламасы байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерiн, олар бойынша деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесiн, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдiстемесiн және статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты айқындайды.
Статистикалық байқаулар бағдарламасын әзiрлеудi және бекiтудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5 5. Жалпымемлекеттiк статистикалық есептiлiк нысандарының тiзбесi зерттеу жүргiзу кезеңiне қарамастан қалыптасады. Статистикалық жұмыстардың жоспары әрбiр күнтiзбелiк жылға жасалады.

6 6. Жалпымемлекеттiк статистикалық есептiлiк нысандарының тiзбесi мен Статистикалық жұмыстардың жоспарын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтедi.

7 7. Уәкiлетті орган жалпымемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзуге ұйымдардың лауазымды адамдарын белгiленген тәртiппен тартуы мүмкін.

8

8. Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының, сондай-ақ заңды тұлғаларының олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар өкiлдiктерiнiң және филиалдарының бастапқы статистикалық деректердi беруi заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету

9 9. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi статистикалық және талдау ақпаратын мемлекеттiк органдарға республикалық бюджет қаражаты есебiнен бередi.

10 10. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдарға Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес түзiлген статистикалық және талдау ақпараты тiзбесiн жыл сайын жiбередi.

11 11. Мемлекеттiк органдар тиiстi статистикалық және талдау ақпаратын алуға арналған өтiнiмдердi уәкiлеттi органға жiбередi.

12 12. Уәкiлеттi орган статистикалық және талдау ақпаратын тарату тiзiлiмiн берiлген өтiнiмдерге сәйкес қалыптастырады.

13 13. Статистикалық және талдау ақпараты баспа басылымдары (жарияланымдар) түрiнде немесе электрондық тасымалдаушылармен берiледi.

14 14. Статистикалық және талдау ақпараты мемлекеттiк органдарға тарату тiзiлiмiнде көзделмеген біржолғы сұрау салулар бойынша да берілуi мүмкiн.

15 15. Аумақтық статистика органдары өздерiнiң құзырына енетiн мәселелер жөнiнде статистикалық және талдау ақпаратын мемлекеттiк органдарға уәкiлеттi орган үшiн осы бөлiмде белгiленген тәртiппен бередi.

Қолданыстағы