О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 18.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2019 134757_421082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NRC08660
- ЭКБ идентификаторы
- 134757
- Редакция идентификаторы
- 134757_421082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:28
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 01-20/284 ұсынысы негізінде Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі Қайындыкөл ауылында орналасқан Сауле Ерназарқызы Саламатованың жеке ауласына ірі қара малдың және жылқының құтыруының эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Белинский ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8457 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.