О снятии карантина на территории села Ольгинка Михайловского сельского округа Аршалынского района Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина на территории села Ольгинка Михайловского сельского округа Аршалынского района Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында карантин тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 18.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2019 134779_421265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BDJ07386
- ЭКБ идентификаторы
- 134779
- Редакция идентификаторы
- 134779_421265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:28
0 Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Михайлов ауылдық округі
Ольгинка ауылының
аумағында карантин
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2019 жылғы 02 қыркүйектегі № 336 ұсынуы бойынша, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында малдарының сібір жарасының анықталуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2
2. Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің «Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы» 2019 жылғы 20 тамыздағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7328 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.