Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 19.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2021 134791_515641.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZD005790
- ЭКБ идентификаторы
- 134791
- Редакция идентификаторы
- 134791_515641
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:27
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айткалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « » қыркүйектегі
№ қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымдардың атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының
«Ер Төстік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
74
2%
1
2
«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
94
2%
2
3
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Бөкей ордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
61
2%
1
Барлығы
229
-
4