Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Положение "О ставках вознаграждения (интереса) по кредитам, предоставляемым Национальным Банком Республики Казахстан"

Қаулы · № 28 · қабылданған 24.01.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1348/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Положение "О ставках вознаграждения (интереса) по кредитам, предоставляемым Национальным Банком Республики Казахстан" Қолданыста 24.01.1998 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в Положение "О ставках вознаграждения (интереса) по кредитам, предоставляемым Национальным Банком Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы № 28 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Положение "О ставках вознаграждения (интереса) по кредитам, предоставляемым Национальным Банком Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
28
Қабылданған күні
24.01.1998
Көрсетілген редакция
24.01.1998 AI1348_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V980000570_
ЭКБ идентификаторы
1348
Редакция идентификаторы
AI1348_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:50
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі N 154-1 ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1997 жылғы 2 қарашадағы N 402 қаулы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және олар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.

2. Заң департаменті (Өртембаев А.Қ.) Монетарлық операция департаментімен бірлесіп (Әлжанов Б.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркетсін.

3. Монетарлық операция департаменті (Әлжанов Б.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының құрылымдық

бөлімшелеріне, облыстық (аумақтық) басқармаларына (филиалдарына) жіберсін,
осы қаулыны және жоғарыда аталған ережеге енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларды екінші деңгейдегі банктерге жіберуді соларға міндеттесін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкі Төрағасының орынбасары С.А. Ақановқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 402 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ережеге өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

1998 жылғы 24 қаңтардағы N 28

қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 402 қаулысымен
бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы"
ережеге өзгерістер мен толықтырулар

1. Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары бойынша сыйақы
(мүдде) ставкалары туралы".

2. 1-тармақтағы:

"Ұлттық банк беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларының
үш түрін" деген сөздер "Ұлттық Банктің операциялары бойынша сыйақының
(мүдденің) мынадай ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ломбардтық кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы" деген сөздер
"РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1.2. РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы мемлекеттік бағалы
қағаздармен операциялар жасаған кезде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша
сыйақы (мүдде) ставкасы ішкі қаржы рыногының жай-күйіне
қарай белгіленеді."

3. 2-тармақтағы "Ұлттық Банк өткізетін кредиттік операцияларға" деген

сөздер алынып тасталсын.