О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы «__» _____ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 24.10.2025 № 627 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 2
2. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 16450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама нысанында: 6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. ______________________________________________________ үшін, (тексерілетін кезең) шағымды қарау нәтижелерін ескере отырып, қайтарылуға расталмаған, резидент еместердің табыстарының төлем көзінен ұсталған корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасы мынаны құрайды (бюджетке төленуге жатпайтын): теңге Бюджеттік сыныптама коды Бюджеттік сыныптама кодының атауы Салық сомасы Салық кодексінің 115-бабына сәйкес Сізге: 1) ______________________ мөлшеріндегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және өсімпұл сомасын _____________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) БСН ______________________________ № _________________ шотына (мемлекеттік кірістер органы) _____________________________________________________________ (Қазынашылық басқармасы, банктік сәйкестендіру коды (БСК) 2) ________________________________________________ мөлшеріндегі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың сомасын _____________________________________________________________ (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының БСН) теңге Бюд­жет­тік жік­теу ко­ды Бюд­жет­тік жік­теу коды­ның ата­уы Төлем­нің, са­лық­тың со­ма­сы Өсім­пұл со­ма­сы Жиы­ны со­ма 1 2 3 4 5 6 Бар­лы­ғы 3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ____________________________________________ мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдар сомаларын аудару қажет.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысанында: «Салық төлеуші туралы мәлімет» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 12-1-тармағымен толықтырылсын: «12-1. Салық есептілігі нысандарының деректерін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша салыстыру******: Са­лық ке­зе­ңі ЖМЗЖ есеп­теу үшін са­лық тө­ле­у­ші­нің де­ректе­рі бой­ын­ша та­быс ЖМЗЖ есеп­теу үшін мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның (ка­ме­рал­дық ба­қы­лау) де­ректе­рі бой­ын­ша та­быс Ал­шақ­тық Ал­шақ­тық­тың се­бе­бі 1 2 3 4 5 6 »; «Қорытынды» деген 3-бөлімнің 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «16. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны жасау кезінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, әлеуметтік аударымдар және МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары бойынша есептердің жай-күйі*******: № Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ әлеуметтік аударым, МӘМС аударымдары және (немесе) жарналарының түрі Есептер сальдосы (+, -) Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, әлеуметтік аударым, МӘМС аударымдары және (немесе) жарналарының сальдосы ( +, -) Өсімпұл сальдосы (+, -) Айыппұл сальдосы (+, -) 1 2 3 4 5 ».
Тармақ 3
3. «Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 16675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын салық салу объектілерін есепке алу үшін салық регистрінің нысаны, осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 23-қосымшаға сәйкес салық тіркелімдері нысандарын жасау қағидасында: 86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «86. Салық салу объектілерін есепке алу кестесінде жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын табыстарына, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы көрсетіледі: 1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі; 2) 2-бағанда – табыс есептелген қызметкердің немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде); 3) 3-бағанда – табыс есептелген және төлем жүргізілген қызметкердің немесе жеке тұлғаның ЖСН; 4) 4-бағанда – ай басында қызметкерге немесе жеке тұлғаға төленбеген табыстар бойынша берешек сомасы; 5) 5-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін есептелген табыстарының сомасы; 6) 6-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарының сомасы; 7) 7-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның табысынан салық шегерімдерінің сомасы; 8) 8-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын табысының сомасы; 9) 9-бағанда – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы; 10) 10-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есептелетін табысының сомасы; 11) 11-бағанда – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасы; 12) 12-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін жеке табыс салығы салынатын табысының сомасы; 13) 13-бағанда – есепті ай үшін бюджетке төлеуге жататын төлем көзіне салынатын жеке табыс салығының сомасы; 14) 14-бағанда – есепті ай үшін төлеуге табыс сомасы; 15) 15-бағанда – есепті ай үшін төленген табыстар сомасы; 16) 16-бағанда – ай соңында төленбеген табыстар бойынша берешек сомасы; 17) 17-бағанда – есепті ай үшін әлеуметтік салық есептелетін орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыстар түріндегі қызметкерге төленетін жұмыс беруші шығыстарының сомасы; 18) 18-бағанда – есептелген әлеуметтік салық сомасы; 19) 19-бағанда – есептік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін қызметкердің немесе жеке тұлғаның табысының сомасы; 20) 20-бағанда – есепті ай үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуға жататын әлеуметтік аударымдар сомасы; 21) 21-бағанда – есепті ай үшін төлеуге жататын (18-баған – 20-баған), формуласы бойынша айқындалатын әлеуметтік салық сомасы; 22) 22-бағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістердің сомасы; 23) 23-бағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың сомасы; 24) 24-бағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы. Осы кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарының қорытынды шамасы ай, салық кезеңі үшін осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау жолымен соңғы жолда айқындалады. 87. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетуге жол берілген жағдайда, қателерді түзету салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады. Салық тіркеліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жіберілген қателердің сипатына қарай мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 1, 2 және 3-бағандарында қателер анықталған жағдайда, қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте, егер бір немесе бірнеше бағандарда қате жіберілген жағдайда, қосымша салық тіркелімінде көрсетілген барлық бағандар бойынша деректемелер көрсетіледі; 2) төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында қателер анықталған жағдайда: төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ қосымша салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 1, 2 және 3-бағандарында төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 1, 2 және 3-бағандарының деректемелері көрсетіледі; төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ қосымша салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында көрсетілген сомамен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі. төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында бағандардың мәнін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген кезде төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ қосымша салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында анықталған айырма сомасы «-» алу белгісімен көрсетіледі; 3) көрсетілген салық кезеңі үшін салық тіркеліміне қосымша өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.».
Басқа 11
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығына 14-қосымша нысан 1. ЖСН ________________________________________________________ 2. Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе салық төлеушінің атауы _______________________________________________________________ 3. Кезең: _______________________ жыл: ___________ Р/с № Қыз­мет­кер­дің және же­ке тұл­ға­ның Т.А.Ә. (ол болған кез­де) ЖСН Ай ба­сын­да тө­лен­бе­ген та­быст­ар бой­ын­ша бе­ре­шек Есеп­ті ай үшін есеп­тел­ген та­быст­ар Са­лық са­лу­ға жат­пай­тын та­быст­ар Са­лық ше­ге­рім­де­рі МЗЖ -нан ұста ла­тын та­быст­ар Тө­ле­у­ге жа­та­тын МЗЖ со­ма­сы Кыз­мет­кер­дің неме­се же­ке тұл­ға­ның есеп­ті ай үшін ЖМЗЖ есеп­те­ле­тін та­бысы­ның со­ма­сы Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­на ауда­ру­ға жа­та­тын ЖМЗЖ со­ма­сы Есеп­ті ай үшін са­лық са­лы­на­тын ЖТС-тен та­быс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Бір ай үшін жиы­ны (жол ны­сан­ның қо­ры­тындысы бой­ын­ша ға­на тол­ты­ры­ла­ды): Са­лық ке­зе­ңі үшін жиы­ны (жол ны­сан­ның қо­ры­тындысы бой­ын­ша ға­на тол­ты­ры­ла­ды): кестенің жалғасы Есеп­ті ай үшін са­лық са­лы­на­тын тө­ле­у­ге жа­та­тын ЖТС-ның со­ма­сы Есеп­ті ай үшін тө­ле­ну­ге жа­та­тын та­быст­ар Есеп­ті ай үшін тө­лен­ген та­быст­ар Ай со­ңын­да тө­лен­бе­ген та­быст­ар бой­ын­ша бе­ре­шек Әле­умет­тік са­лық есеп­те­ле­тін жұ­мыс бе­ру­ші­лер­дің шы­ғы­ста­ры Әле­умет­тік са­лық­тың есеп­тел­ген со­ма­сы Әле­умет­тік ауда­рым­дар­дан есеп­те­ле­тін та­быст­ар Тө­ле­у­ге жа­та­тын әле­умет­тік ауда­рым­дар со­ма­сы Тө­ле­у­ге жа­та­тын әле­умет­тік са­лық со­ма­сы( 18 ба­ған - 20 ба­ған) Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға жар­на­лар мен ауда­рым­дар­ды есеп­те­ле­тін шы­ғы­ста­ры Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға жар­на­лар­дың со­ма­сы 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 (Дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (ол бар болған жағдайда), қолы, мөрі) _______________________________________________________________ (Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә. (ол бар болған жағдайда), қолы) _______________________________________________________________ (салық тіркелімі жасалған күн) Ескерту: аббревиатураның таратып жазылуы: ЖСН – жеке сәйкестендіру номері; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты; МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналар; ЖТС – жеке табыс салығы; ЖМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары