Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 20.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2019 134871_421713.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006390
- ЭКБ идентификаторы
- 134871
- Редакция идентификаторы
- 134871_421713
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:26
0 Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы
өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес, Шұбарқұдық ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 8320 гектар аумақты, соның ішінде Шұбарқұдық ауылын және Жақсымай бекетін шығара отырып өзгертілсін.
Жалпы көлемі 24640 гектар Шұбарқұдық ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
2 2. Шығырлы ауылдық округі таратылсын.
3
3. Қоса беріліп отырған № 2 схемалық картаға сәйкес, Ақсай ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 41024 гектар аумағы шығарылып және оның құрамына таратылатын Шығырлы ауылдық округінің жалпы көлемі 88076 гектар аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 8504 гектар Шығырлы ауылын, жалпы көлемі 3893 гектар Бірлік ауылын және жалпы көлемі 4209 гектар Ащысай ауылын қоса отырып өзгертілсін.
Жалпы көлемі 157958 гектар Ақсай ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
4
4. Қоса беріліп отырған № 3 схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Шұбарқұдық ауылы болып, оның құрамына жалпы көлемі 49344 гектар аумақты, соның ішінде Ақсай ауылдық округінің құрамынан шығарылған жалпы көлемі 41024 гектар аумақты, жалпы көлемі 4160 гектар Шұбарқұдық ауылын және жалпы көлемі 4160 гектар Жақсымай бекетін қоса отырып, Жақсымай ауылдық округі құрылсын.
5
5. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Темір ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және осы бірлескен әкімдіктің қаулысынан және мәслихаттың шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.