Об упразднении некоторых населенных пунктов Мойынкумского района Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении некоторых населенных пунктов Мойынкумского района Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 26.09.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2019 134945_422086.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004340
- ЭКБ идентификаторы
- 134945
- Редакция идентификаторы
- 134945_422086
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:23
0 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
кейбір елді мекендерін тарату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген ауылдық округтердің төмендегі аталған ауылдарды таратылып, тұрғындары елді мекендердің құрамына қосылсын.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының келесі елді мекендері:
1) Ұланбел ауылдық округінің Кіші Қамқалы ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары Ұланбел ауылдық округінің Ұланбел ауылының құрамына қосылсын;
2) Қарабөгет ауылдық округінің Байтал және Арал ауылдары таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары Қарабөгет ауылдық округінің Сарыөзек ауылының құрамына қосылсын;
3) Мирный ауылы әкімшілігінің ГРЭ-21 ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары Мирный ауылы әкімшілігінің Мирный ауылының құрамына қосылсын.