Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма
- Атауы (қаз.)
- Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 397
- Қабылданған күні
- 20.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2020 134951_445167.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19D0005254
- ЭКБ идентификаторы
- 134951
- Редакция идентификаторы
- 134951_445167
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:27
0 Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген), «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12841 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері:
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Мәнізоровке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысымен бекітілген
1-қосымша
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет)
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген) бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау – 15 (он бес) минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау – 3 (үш) сағат. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау:
лицензияны беру – 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу – 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 4 (төрт) сағат. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 15 (он бес) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;
2 2) «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі;
3 3) сұрау салуды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
29 «Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
30 Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысымен бекітілген
2-қосымша
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген) бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау – 20 (жиырма) минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау – 3 (үш) сағат. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 4 (төрт) сағат. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 20 (жиырма) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды жолдайды - 20 (жиырма) минут;
2 2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5 - тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 20 (жиырма) минут.
57 «Туристік ақпаратты, оның
ішінде туристік әлеует, туризм
объектілері мен туристік
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
58 Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысымен бекітілген
3-қосымша
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12841 тіркелген) бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау - 20 (жиырма) минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау - 3 (үш) сағат. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау - 4 (төрт) сағат. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5 5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - 20 (жиырма) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді (Стандарттың 9 - тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қолхат береді), көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды жолдайды - 20 (жиырма) минут;
2 2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5 - тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 20 (жиырма) минут.
85 «Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік
тізілімінен үзінді»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
86 Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысына 4-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің күштері жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Алматы облысы әкімдігінің «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 31 шілдедегі № 336 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 тіркелген, 2015 жылдың 9 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2
2. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 172 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 шілдедегі № 336 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 тіркелген, 2016 жылдың 24 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3
3. Алматы облысы әкімдігінің «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 4 наурыздағы № 119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 тіркелген, 2016 жылдың 13 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.