Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Қаулы · № 307 · қабылданған 27.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-134969/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған Қаулы ·№ 307 ·27.09.2019
13.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Күшін жойған Қаулы ·№ 307 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Атауы (қаз.)
Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
307
Қабылданған күні
27.09.2019
Көрсетілген редакция
13.10.2023 134969_679356.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VR006181
ЭКБ идентификаторы
134969
Редакция идентификаторы
134969_679356
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:22

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан 0,5 % мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 60 «Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5515 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 наурызда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Үржар ауданының әкімдігінің
2019 жылғы «___» ____________ № _____
қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота
мөлшері
(%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1.
«Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
612
0,5 %
3
2.
«Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
493
0,5 %
2
Барлығы
1105
5

Қолданыстағы