Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по району Аққулы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по району Аққулы
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-03/232
- Қабылданған күні
- 25.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2021 134985_536017.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PI006554
- ЭКБ идентификаторы
- 134985
- Редакция идентификаторы
- 134985_536017
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:24
0 Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар Аққулы ауданы бойынша:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «25» қыркүйектегі
№ 1-03/232 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасы
P\с№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Аққулы ауданының Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
64
2%
1
2
«Аққулы ауданының Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
108
3%
3